Арнайы техникалар көбейді

0 45

Нұр-Сұлтан қаласының «Астана – Зеленстрой» кәсіпорнының паркі жаңа арнайы техникамен толықты.Қала аумағын күтіп ұстау үшін 250 көгалшап­қыш келіп түсті. Бұл бұрын бар техниканың санын екі есеге көбейтті. Сонымен қатар маусым айында қосымша 110-нан астам арнайы техника мен жабдықтар: жүк көліктері, суғару-жуу машиналары, шағын тиегіштер, экскаваторлар және т.б. келіп түседі. Қызметкерлер жаңа техниканы сатып алудың маңыздылығын атап өтті.
«Бұл біздің жұмысымызды сапалы және жылдам орындауға мүмкіндік береді. Техника көп болғандықтан, адамдарды жұмысқа тартуға мүмкіндік туады» деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев. Бүгінгі таңда қаланы көгалдандыру және абаттандыру бойынша күнделікті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Ұзақ, қарлы қыстан кейін біз көгалдандыру және абаттандыру жұмыс­тарына кірістік. Қиын әрі қарлы қыс болды. Осыған қарамастан, біз жеке және абаттандырылған аумақтарды су басуға жол бермедік. Рекордтық мөлшерде қар түсті. Атап айтқанда, 6,5 млн текше метр қар шығарылды. Ұзақ қыстан кейін жер ылғалды, шөп жақсы өседі. Ауа райы жақсы болады» деді елорда әкімінің орынбасары. Қазір елордада бұталар, ағаштар мен гүлзарлар отырғызу белсенді жүргізілуде. Астананы көгалдандыру және абаттандыру аясында биыл 30 мың ағаш пен 6 млн-нан астам гүл отырғызылады. Бұл жұмыстарға 750 маман жұмылдырылған.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда маса мен басқа да жәндіктерге қарсы ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жалғасуда. Биыл дезинсекциялық жұмыстарды қамту аумағы ұлғайды. Мысалы, масалардан аумақты өңдеу жоспары 20%-ға және су қоймаларын өңдеу 25%-ға ұлғайды. Масаларға қарсы 230 миллион шаршы метрден астам аумақ өңделді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =