Арнайы сыйлық алады

0 27

Бүгінде 120 мыңға жуық елордалық коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 2 компонентін алды. Халықты вакцинациялауда медициналық ұйымдармен бірге сауда-саттық орындарынан ашылған вакцинация пункттері көп пайдасын тигізуде.Сауда нүктелері вакцина салдырғандарды ынталандыру мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастырып, бағалы сыйлықтар береді.
«Абу-Даби Плаза» сауда-саттық орталығындағы вакцинация пункті 22 сәуірде ашылды. Сол уақыттан бері мұнда 6100-ден астам адам екпе алыпты.
– Сауда орталықтарында вакцинация пунктінің көптеп ашылуы – қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін жасалып отырған қадам. Кәсіп иелері өз тарапынан түрлі жеңілдіктер жасап, вакцина алушыларды ынталандыруға көшті. Біздің орталықтағы вакцинация пунктінде 7 маусымнан бастап екпе алғандарға арнайы сыйлығымыз бар. Оларға осы орталықта 24 сауда нүктесіне сауда-саттық жасауда түрлі жеңілдіктер жасалады, – дейді сауда орталығының бас директоры Хакан Нильсон.

Шынболат АТЫХАНҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 2 =