«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Арнайы шара өтті

0 8

Есіл жағалауындағы амфитеатрда Есірткі заттарын теріс пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы халық­аралық күрес күніне орай «Астаналық жастар есірткіге қарсы» ұранымен арнайы шара өтті.

4a73e670e2358f03915c907c4fc38805_1280x720

 

Жыл сайын 26 маусымда бүкіл әлемде Есірткі заттарын теріс пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күні атап өтіледі. Осы күнге орай Нұр-Сұлтанда жастарды есірткіге тәуелділіктен қорғау және осы проблемаға қоғам назарын аудару үшін «Жастар есірткіге қарсы» фестивалі ұйымдастырылды.

«26 маусым – нашақорлыққа қарсы күрес күні. Бұл күн 1987 жылдан бастап БҰҰ шешімімен атап өтіледі. 35 жыл бұрын барлық күш-жігерді біріктіру туралы шешім қабылданды. Бұл күнді мереке деп айту қиын, керісінше, есірткіге қарсы күреске бей-жай қарамайтын адамдарды біріктіретін күн. Әсіресе жазғы демалыста есірткі шегушілер жастардың психологиялық жетілмегендігін пайдаланып, оларды есірткінің заңсыз айналымына тартады, яғни оларды кепілгер ретінде жұмыс істеуге шақырады. Жастар жұмыстың мәнін түсінбей, осы айла-амалға алданып қалады, өйткені олар бұл үшін қандай жауапкершілік күтіп тұрғанын білмейді» деп атап өтті ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Іс-шараға танымал спортшылар, шығармашылық ұжымдар және эстрада жұлдыздары қатысты. Олар сахнада сөз сөйлеп, жастарды есірткі қылмысына қарсы күресте бірігуге шақырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды