©2020 Астана Ақшамы
Арнайы сайт ашылды
Қазақстанның интернет ресурстарының қатары жаңа сайтпен толықты. Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты ашылды. Бұл мәліметті орталықтың ресми өкілі Алтай Әбибуллаев баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.
– Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми түрде сайтын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Сайтымыздың аты – ortcom.kz. Біздің ресми интернет парақшамыздың жалпыұлттық, аймақтық және халықаралық іс-шаралар бөлімінде барша ақпарат қамтылған, – деді А.Әбибуллаев.
Орталықтың сайтында Call орталық, баспасөз мәслихаттарының жиынтығы, медиа шаралар, «Қазақстан-2050» стратегиясы туралы бөлімдер бар. Сондай-ақ, аталмыш сайт арқылы енді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметінің апталық брифингін онлайн режимінде көруге болады. Бұған қоса, сайт әкімшілері Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілері арқылы да хабар таратпақ.
Ербол ЖАНАТ