«Армандар орындалады»

0 125

«Бұл акция менің мерейтойыма қатысы бар. Биыл наурыз айында мен 60 жасқа келемін, сол себепті, мерейтойымның алдында қайырымдылық акциясын өткізуді ұйғардым» – дейді әртіс.

Елордадағы балалар үйінде белгілі әртіс, ре­­­­жис­сер, продюсер Кәрім Мұтұрғановтың қатысуымен қайырымдылық шарасы өтті. Бұл Астана қаласының 15 жылдығына арналып отыр. Шарада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Мутурганчиктер» тобының көркемдік жетекшісі Кәрім Мұтұрғанов балаларға иллюзиялық шоу­дан көріністер көрсетті. Сондай-ақ, белсенді қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Қайырымдылық шарасы Астана қаласының жастар саясатын қолдау Мемлекеттік қоры ұйымдастырып отырған «Армандар орындалады» акциясы аясында өткізілді.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 2 =