АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ …

0 240

20291205_AH7QGqTX8H3wXoJOWc-SI0TecErG6okJ6VXrk3yjIBM

Ертең Бейбітшілік және келісім сарайында мүмкіндігі шектеулі бала­ларға арналған «Армандар орын­далады» атты ерекше концерт өтеді.

Бұл шараға «ДОМ» қорының ұйым­­дас­­ты­руы­мен өткізілген «Бала­лар­ға өмір сыйла», «Аутизмді жеңуге болады» және «Қазақ­стан жетім ба­ла­ларсыз» атты жобаларға қатыс­қан мүгедек балалар тартылады.

Концерт басталмас бұрын далада «Dance Battle» ұйымдастыры­ла­ды. Онда мүмкіндігі шек­теу­лі жандар дені сау азамат­тар­мен тең дәре­жеде билей­тін болады. Ал концерт соңында барлық балаларға тосын сый жасала­ды. Сондай-ақ, кез келген адам баспасөз қабыр­ға­сын­да орналасқан «бос микрофон» режимінде көп­ші­лік­ке өзінің тілегін жет­кізе алады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы жөніндегі ұлттық комиссия және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын мере­ке­лік шара сағат 10.30-да бас­талады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 − 2 =