АРМАНДАЙ АСҚАҚ АСТАНА

0 5  835

Астана — Отанымыздың жүрегі. Астана — Еуропа мен Азияның есігі. Астана — Тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресі. Ал, осы тарихты жасаушы — Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың өн-бойында Елбасының ғасырлық қолтаңбасы, жасампаздыққа жетелеген жарқын жеңісі жатыр.

Азат елдің айбыны

Қазақ елінің тәуелсіздік шежі­ре­сіндегі толайым табыстарды түгендегенде, ауызға алдымен ора­­ла­­ты­­ны­­ – Астана. Асыл текті а­та­-ба­ба­ла­ры­мыз­дың­ ар­ма­ны­ да­ осы еді. Бар қазақтың басына қон­­ған­ ба­ғы­ бол­ды­ бұл­ Ас­та­на­. Қа­­зақ­­­ қа­­зақ­­ бол­­ға­­лы­­ өз­ ас­тана­сын­ қай­да­ ор­на­ту­ды­ өзі шешкені осы. Бұрын да қазақтың астанасы та­лай­ рет­ өз­гер­ген. Бірақ, мұның бәрі қазақтың өзінің емес, өзгенің нұсқауымен жүзеге асты.

Ал, азаттықтың ақ таңы ат­қан­ тұс­­­­та­­ Ел­­­ба­­­сы­­ «Тә­­уел­­сіз­­ ел­­міз­­, тә­­­уел­­­­сіз­­­ мем­­­ле­­­кет­­­тің­­­ өз­­­ ас­­­та­­­на­­­сы­­­ бо­­л­уы­ керек» деп, Сарыарқаның са­­йын­ да­ла­сы­на­ бас­ ша­һар­дың­ қа­да­­сын­ қа­ғып­, күл­лі­ Алаш­ ар­ма­ны­ мен­ ама­на­тын орын­да­ды.­

Астананы ауыстыру тәжірибесі – әлем халықтарында бар құбы­лыс. Зерт­теушілердің айтуын­ша, дүние­жүзінде мұндай шешім­нің 140-тан ас­там мысалын кез­дес­ті­ру­ге бо­ла­ды­ екен. Бірақ астана ауыс­тырудың бә­рі сәтті бола бермеген.

Ал, қазақтың өзі-өз болып жа­са­ған­­ батыл қадамы өзіне бақ болып қон­­­ды.

Астананы көшіру идеясы алғаш рет­ Мемлекет басшысының аузынан шыққан кезде көпшілік мұны жай айтыла салған сөзге балады. 1990 жылдардың басында елорданы тұрғызу қиял секілді көрінгені рас. Жаңа Астана тұрғызу үшін қыр­­уар­ қар­жы,­ ірі­ инвес­ти­ция­ қа­­­жет­ еді.­ Ол­ кез­де­ «бай­тал­ тү­гі­лі­, бас қайғымен» жүрген елдің жағ­дайы мүшкіл-тұғын. Өндіріс атау­­лы тұралаған, халыққа жа­ла­­қы­­ мен­ зей­не­та­қы­ тө­леу­ге­ бюд­жет­тің қауқары төмен кез. Мі­не­, осын­дай­ қиын­-қыс­тау­ ке­зең­де Ел­ба­сы­ ел­ ас­та­на­сын­ ауыс­ты­ру­ мәселесін күн тәртібіне қой­ған­да­, жұрт­шы­лық­тың­­ сен­бей­, абыр­­жып­­ қал­ға­ны­ шын­.­ Тіп­ті, кейбір керауыз басылымдар «Ел­ кү­нін­ кө­ре­ ал­май­ қи­на­лып­ отыр­ған­да­, ел­ор­да­ сал­ға­ны­ не­сі­ мы­на­ қа­зақ­тар­дың?!» деп ке­ке­те­ жа­зып­ жат­ты.­ Бі­рақ,­ Пре­зи­дент­ ел­дің­­ ке­ле­ше­гі­не­ ма­ңыз­ды­ осы­ ұсы­ны­сы­нан­ айныған жоқ. Бұл идея­сы­н­ың­ то­сын­нан­ емес, үл­­кен­ ой­-тол­ға­ныс­тан­ ке­йін­ ту­ға­нын­­ Елбасы 1994 жылғы 6 шілдеде өт­­кен Жоғары Кеңестің пленарлық мә­жі­лі­сін­де­ дәйекті мысалдармен, ой­­лы­­ тұ­­жы­­рым­­­дар­­мен­­ дә­­лел­­деп­­ шық­­ты.­­ Ел­­ба­­сы­­ның­­ сө­­зі­­мен­­ айт­­сақ,­ «ер­­те­­де­­гі­­ ер­­ ба­­ба­­мыз­­ Еді­­ге­­ден­­ бас­­­тап,­­ ай­­бын­­ды­­ Абы­лай­ға де­йін­гі­ хан­­­да­ры­мыз­дың­ бә­рі­ осы Есіл бо­йы­­нда ор­да­ тік­кен­де­рі­ тіп­ті­ де­ те­­гін­­ бол­­ма­­са­­ ке­­рек».­­ Нұр­сұл­тан­ Әбіш­­­ұлы­ Ас­­та­­на­­ны­­ ауыс­­­ты­­ру­­ ту­­ра­­­лы­­­ ше­­ші­­мін­­ қа­­был­­дар­­ тұс­­та­­ бұ­рын­­ғы­ кө­­ре­­ген­­ кө­­­не­­­көз­­­дер­­дің­­ де­­ өсие­­тін­­ ес­­кер­­ген­­ екен.­­ Әй­гі­лі­­ по­ляк­ сая­хат­шы­сы­ Адольф Януш­ке­вич­тің­ өзі «Ақ­мо­ла­ – бү­кіл­ да­ланың болашақ астанасы» деген екен өз жазбаларында.

Ел­ор­­­да­ны­ ауыс­ты­ру­,­ нақ­­ты­­ жү­зе­ге­ аса­­тын­ іс­ екен­ді­гі­не­ сон­да­ ға­на­ көз­де­рі­ жет­кен­ көп­ші­лік­­тің­ пі­кі­рі­ екі­ге­ жа­рыл­ды.­ Әри­не,­ бас­та­ма­ны­­ құп­­та­­ған­­нан­ құптамағандары басым болды. «Жазы – мазаң, қысы – қа­тал,­ тар­ кө­ше­­лер­ мен­ жер­ге­ кі­рер­дей­ бол­ған­ шым­ үй­ле­рі­ көп­ жұ­пы­ны­ қа­ла­ бір­ ел­дің­ ас­тана­сы­ қа­лай­ бо­ла­ды?»­ деп­ таң­қа­лыс­ты­ жұрт. Бұл идеяны бұлдыр сағымға ай­налдырып, болашағына күдікпен қарағандардың қарасы қанша көп болса да Ел­ба­сы­ та­бан­ды­­лы­ғы­нан­ тай­­ған­ жоқ.­

Бар­ қа­зақ­тың­ бас­ қа­ла­сы­ ре­тін­де ба­йыр­ғы­ Ақ­мо­ла­ға­ таң­дау­дың­ тү­с­уі бе­кер­­ден­-бе­­кер­ емес­-тін.­ Жал­пы­, әлем­де­ қа­лып­тас­қан­ тәр­­тіп­ бо­йын­ша­ бел­гіл­і бір­ қа­ла­ның­ ас­та­на­ ата­нуы үшін ол­ 32­ та­лап­қа­ сай­ бол­уы­ ке­рек­ екен.­ Ақ­мо­ла­ осы өлшемдердің түгеліне лайық болып шыққан.

Бұған қоса, Кеңес үкіметі тұсын­да тың игерушілердің қонысына ай­нал­ған Ақмолада жергілікті ұлтты құраушы – қазақтардың саны күрт төмендеп кеткен еді. Осы ұрымтал тұс­­ты ұтымды пайдаланып, өз мүд­де­­сі­не икемдеп қалғысы келген жат­ пи­ғыл­ды­лар­ да­ қа­ра­ көр­се­тіп­ тұр­ды.­

Ас­та­на­ны­ кө­ші­ру­де­гі­ ең­ бас­ты­ мұ­рат­ та­ сол,­ ата-­ба­ба­ ме­ке­нін­ қа­за­­қы­лан­ды­ру,­ оған­ көз сұғын қадай берген әлдекімдердің бөтен ойына бөгет қою болатын.

Әрі географиялық жағынан алып­ қа­ра­ған­да­ қа­зір­гі­ Ас­та­на­ – Еу­ра­зия­ ке­ңіс­ті­гі­нің­ кін­ді­гін­де­ орын­ теп­­кен.­ Яғ­ни­, то­ғыз­ жол­дың­ то­ра­бын­да­ ор­на­лас­қан­ ша­һар­ сол­түс­тік­ пен­ оң­түс­тік­ке,­ ба­тыс­ пен шығысқа ықпал ету жағынан қолайлы болды. Оның сыртында инфрақұрылымдарды да­­мыту жағынан, қоршаған орта мен­ сейсмикалық жағдайы, еңбек ре­сур­стары мәселесінен де Ақмола басқа қалалардан оқ бойы озық тұрды.

Тәуелсіз елдің тұңғыш Президен­ті­ — Нұрсұлтан Назарбаев еліміз­дің­ осы қақ төрінде елорда салыну қа­жет­­тігін дер кезінде байқап, қиын-қыстау кезеңге қарамастан дұрыс шешім қабылдай білді. Бұл шешімді тым тәуекелшіл, батыл қадам дейтініміз де сондықтан.

Елордасын ауыстырушы елдер ең алдымен өзінің ұлттық мақсат-мүддесін бірінші кезекке қойғанын аңғаруға болады. Алаш астанасын көшіру де осындай ұлттық страте­гия­лық ұлы мұраттан туындады. Сөйтіп, Елбасының 1997 жылдың 20 қазандағы Жарлығымен бұ­рын­­­­ғы­ Ақмола қаласы 1997 жыл­дың­ 10­ желтоқсанынан бастап, Қазақ­стан­ның­ ас­та­на­сы­ мәр­те­бе­сін­ ие­лен­ді.­ Ал, 1998 жылдың 10 желтоқ­са­нын­­­да­ Пре­зи­дент­тің­­ ас­­та­на­ны­ Ақ­­­мо­ла­ға­ кө­­ші­ру­ ту­ра­лы­ Жар­лы­ғы­ кү­ші­не­ ен­­­ді.

Осылайша, қазақ жеріне көз алартып, көсемсігендердің аузына құм құйылды. Бүкіл бүтін бір елдің астанасын «менікі» деп меншіктеп алуға ешкімнің де батылы жетпес те еді.

Астана азат елдің айбынына айналды. Елорданы көшіру – еліміздің тарихындағы ерекше белес болды. Бағаналы бас орда қазақ халқының мерейі мен мәртебесін биіктетті. Әлем жұртшылығы Қазақстан десе – Астана, Астана десе – Назарбаев дейтін болды. Мұның өзі Астананың өн бойында Елбасының ерен еңбегі мен дара қолтаңбасы жатқанын аңғартса керек.

Есілдің бойына ел қондырған

Елбасы Астананы көшіру тура­лы­ ше­ші­мін­ жа­рия­ла­ған­ кез­де­ жұрт­шы­лық­­тың­ кө­бі­ ел­орда­ны ­са­лу­ға­ ке­мі­ 25­-30­ жыл­ уа­қыт­ ке­рек­ деп­ ой­ла­са­ ке­рек.­ Ол­ай­ ой­ла­уы­­ заң­ды­ да.­ Ке­зін­де­ Есіл­дің­ сол­ жа­ға­ла­уын­да­ ел­ қон­бақ­ тү­гі­лі,­ оң­ жағалауындағы жағдай да шамалы еді. Бір кездері шағын шаһардың қандай болғанын Астанаға алғаш білім қуып келгендердің бірі ретінде біз де жақсы білеміз. 1997 жылы алғаш рет Ақмолаға аяқ артқанда, көзімізге қоңырқай көрінген қаланы қомсынып қалғанымыз рас. Кеш батса болды, тас қараңғылық басатын тар көшелер мен жауын жауса ми батпақтанып кететін ойлы-шұңқыр өңір жаныңды жүдетіп-ақ жіберетін. Біз оқу іздеп келген кездегі Целиноград педагогикалық институтының да жаңадан Еуразия ұлттық университеті болып құрыла бастаған кезі. Ол кезде бұл оқу ордасының аз уақыттың ішінде қарқынды дамып, еліміздегі ең беделді білім ордаларының біріне айналатынын кім білген?! Ал, қазір осы идеялардың тұтас орындалып отырғанына өзіміз куә болып отырмыз.

Астананы әлемдегі әсем ша­һар­­лардың біріне айналдыру ал­ғаш­қы сәттен бастап-ақ жүзеге асы­рыла бастады. Елорданың бас ­жоспарын әзірлеу кезінде бас қаланың жұрттан ерек бейнесін қалыптастыруға айрықша мән берілді. Астананың бас жоспарын айқындаған эскиз-нобайлардың байқауы да қатаң өткізілді. Отан­дық мықты сәулетшілердің де, әлемдік теңдесіз мамандардың да туындылары таразыға тартылды.

Халықаралық деңгейдегі қазылар алқасы эскиздердің бәрін саралай келе, жапондық архитектор Кейшо Курокаваның жобасын үздік деп таныды. Осы жоба негізінде болашақ астананың құрылысы тұрғызыла бастады. Үш бағдарламалық ке­зең­­ге бөлінген жұмыстардың ал­­­­ғашқысы 1998-2001 жылдар ара­лы­ғын қамтиды. Осы уақыт аралығында кезіндегі қоңыртөбел кейіпті шаһарды әсем Астанаға айналдыру мақсаты тұрды.

Жоба сәт­ті­ жүзеге асты. Қысқа шалым мерзімнің ішінде Астана тотыдай түрленіп, бұрынғы ескі ғимараттар көз танымастай өзгерді.

Көшелерге көрік кіріп, мәдени ошақтардың саны көбейді. Елорданың «Әлем қаласы» атанғаны да осы тұс.

Екінші кезең – 2001-2005 жылдар аралығында ескі қаланың орнына жаңа шаһар тұрғызылды. Яғни, кезінде бірлі-жарым ғана мейрамханасы мен мейманханасы, азын-аулақ дүкені болған Астана жаңаша түрленіп, айшықты ғимараттар бой көтерді. Тек 1997-2007 жылдар аралығында бас шаһарда ұзын-ырғасы 25 жаңа ғимарат салынған екен. Бұл үлкен жетіс­тік екені анық.

Қас-қағым сәтте бір қадасын қағып үлгеретін ғимараттар Астананы алып құрылыс алаңына айналдырды.

Дамудың үшінші кезеңіне аяқ басқан елорданың бүгінде ескісі ес­тен­ өшіп,­ жа­ңа­сы­ жа­ды­мыз­да­ жаң­­ғыр­ды.­ Көз алдымызда көр­кей­­ген­ ша­һар­дың­ дамыл­сыз даму динамикасы күллі әлемнің назарын өзіне аударды. 1998 жылы елорда­мызға ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» деген құр­мет­ті атақ берілді. Бұл жайдан-жай беріле салатын мандат емес. Ол — әлеу­меттік-экономикалық, саяси жә­не мәдени дамуға қысқа мерзім ішін­де қолжеткізген жас қалаларға бері­летін атақ.

Ерке Есілдің бойына ел қонды­рып, сән-салтанаты келіскен сәу­лет­ті шаһар салған Елбасының бұл ең­бегі тәуелсіз еліміздің ең үлкен табысы, тарихи жеңісі болғаны анық.

Тәуелсіздігіміздің тірегі, Отанымыздың жүрегі

Астана – Елбасының төл туын­дысы. Елорданың әр кірпішін қалауға Президентіміз бар күш-қайратын, ынта-жігерін салды. Жүрек мейірімін, жан жылуын, жанашырлық сезімін сыйлады. Әр даму қадамын қалт жібермеді. «Астана – менің қуанышым, мақ­та­нышым. Оның әр ғимараты қа­лай­ салынғаны маған жақсы таныс» дейді Елбасы елордаға де­ген ерек сүйіспеншілікпен. Бас шаһардың қысқа да нұсқа, қай тілде де ұғынықты естілетін әуезді атауын да Нұрсұлтан Әбішұлының өзі ұсынғанын жұртшылық жақсы біледі. «Бәйтерек» монументі, Назарбаев орталығы сынды кейбір айшықты ғимарат­тардың алғашқы нобайын да Мем­­ле­кет басшысы өзі қағазға түсірген. Осылайша Елбасының өзі аялы алақанына салып өсірген бел ба­ла­сы —Астана көз тартар көрікті, сыр­баз­­ да­ сым­бат­ты­ болып ер жет­ті. Тәуелсіздігіміздің тірегіне, Ота­нымыздың жүрегіне айналды. Күні кеше бұл шаһар қандай еді, қазір қандай дәрежеге жетті? Оның даму динамикасын суреттеуге тіл жет­пейді.

Қазіргі таңда Астана – нағыз қай­­наған тіршілік алаңына айналды. Күндіз-түні дамыл таппай­тын­ ша­һар үздіксіз дамып жатыр. Сән-салтанаты келіскен небір таңғажайып ғимараттарды күні кеше өңіміз түгіл, түсімізде көріп пе едік?! Қай жағынан да қарыштап дамыған елорданы бүгінде бір көру арман.

Қысқа мерзім ішінде Астананы абаттандырып, айшықты шаһарға айналдыру — Елбасының ерен ерлігі деп бағалайды жұртшылық. Ұлттық идеяның темірқазығы бол­ған Астана бүгінде күллі Алаш­тың мақтанышы.

Ұлан-ғайыр елдің кіндігінде мем­ле­­кеттік маңызы бар шешімдер қабылданып, дамудың даңғыл жо­лы­на түскен жас мемлекетіміздің тарихи шежіресі жазылып жатыр. «Тәуелсіздіктің негізгі мәні—тарихтың жаңа бетін өз еркіңмен, өз шешіміңмен бастауда болса керек. Тәуелсіздік бізге жаңа жолымызды, өзіміздің соны соқпағымызды табуға зор мүмкіндік ұсынды. Сол­ жа­ңа­ жо­лы­мыз­ды­ бі­з­ Ас­та­на­ ар­қы­лы­ таптық. Қазіргі кезде Астана біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отыр. Біз ғасырлар тоғысында тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты» дейді Елбасы.

Қазақстандықтар Елбасына қалай сенсе, елорданың келешегіне де солай сенеді. Елдің үміті – елордада. Бас шаһардың әр жетістігіне елі сүйініп, ерекше ықылас танытып отыр. Күні кеше Парижден қазақ еліне сүйіншілі хабар жеткені мәлім. Астана «ЕХРО — 2017» халықаралық көрмесін өткізуге лайық қала ретінде танылды. Қазақтың астанасын қолдап, 103 мемлекет дауыс берген. Мұның өзі елорданың әлем алдындағы беделін көрсетсе керек. ТМД мемлекеттерінен ешкімге мұндай бақыт бұйырмаған. Енді Астанамыздың беделі тіптен асқақтап, ажары айшықтала түсетін болды. Бұл туралы Елбасының өзі де айтты: «ЕХРО 2017» көрмесіне бес миллионға жуық адам келетін болады. Астанада жаңа орталық, жаңа бренд болады, әдемі құрылыстар салынады. Енді 2017 жылға дейін көп шаруа атқаруымыз керек. Менің ойымша, біз бұл шаруаны да еңсеріп, тиісті шараның бәрін жасайтын боламыз».

Әрине, айқын мақсат орындалуы үшін әр отандасымыз үлес қосуы керек. Елбасы сияқты, Астана өміріндегі кез келген жетістік пен қолға алынған іске жанашырлық танытып белсене араласуы керек. Нұрсұлтан Әбішұлы ел астанасының қай жағынан да өзге өңірлерге үлгі болу керектігін, елорданың бітім-болмысы адамдардың жүрегіне мақтаныш сезімін ұялататындай болу қажеттігін жиі еске салады. Әлемдің деңгейдегі беделді жиындардың алаңына айналған Астана үшін бұл ерекше маңызды мәселе.

Ендеше, Елбасының өзі салып берген елорданың еңсесі бұдан да биіктеп, әлем алдындағы мерейі асқақтай берсін!

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × three =