АРМАН – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРДАСЫ

0 120

арман

Арман барша қазаққа теңдік сыйлаған мерейлі жылы туғанын мақтан тұтады. Бүгінде 22 жасар полиция лейтенанты Көліктегі Ішкі істер департаментінде көлік сақшысы болып қызмет етеді.

 

«Ел үмітін ақтайтын ұлан болу – бала күнгі асқақ арманым. Заңгер мамандығын алғаннан кейін жұмысқа орналастым. Алға­шын­да анықтау бөлімінде, кейіннен кезек­тен тыс жүргізілген аттестаттау қоры­­тын­дысына сәйкес, Әкімшілік поли­ция­ бөлі­мі­нің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы лауазымына тағайындалдым. Ұстанған қағидам – өзіме сеніп тапсырылған осы лауазымды адал атқару. Қазақстанға мінсіз адал қызмет ету» дейді ол бізбен әңгіме барысында.

Арман Құрманғазыұлы бала күнінен бастап каратэ, баскетбол сияқты спорт түрлерімен айналысқан. Мектеп жасынан түрлі шараларға қатысып, айтарлықтай жеңіс­терге қол жеткізген. Ол еңбегі зая кеткен жоқ. Себебі, көлік сақшысы үшін әрдайым шымыр болу – басты шарт.

Қызметіне адал болуға ант берген бозбала қазіргі таңда елде болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңалықтардан үнемі хабардар болып отырады. «Еліміздің күннен күнге қарыштап дамуы Елбасы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың нәтижесі деп санаймын. Біз болашағымыз баянды, келер күніміз нұрлы болуы үшін жастық жалынмен еңбек етуіміз керек. Мен өзімнің қазақ болғанымды әрқашан мақтан тұтамын. Ұлтымыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарды қолдау саясатын құптай отырып, оның көрегендігі мен кісілік келбетін өзіме үлгі етемін. Осы орайда, өз құрдастарымды болашаққа нық­ сенім­мен­ қарауға, Елбасының сенімін ақтауға шақырамын» дейді полиция лейтенанты.

Гүлмира Аймағанбет 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + seventeen =