Арман қала

0 42

Тәуелсіздік дәуірінің ең айшықты оқиғаларының бірегейі – елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының бой көтергені. Барша қазақстандықтардың мақтанышына айналған бас қаламыз шын мәнінде Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналып отыр. Жыл санап сәулеті мен дәулеті өркендеген елордамызда күн сайын Тәуелсіздіктің торқалы тойына арналған іс-шаралар өтіп жатыр.

image-25-11-21-12-20
image-25-11-21-12-20-1
image-25-11-21-12-20-2
image-25-11-21-12-20-3
image-25-11-21-12-20-4
image-25-11-21-12-20-5
image-25-11-21-12-20-6
image-25-11-21-12-20-7
image-25-11-21-12-20-8
image-25-11-21-12-20-9
image-25-11-21-12-20-10
image-25-11-21-12-20-11
image-25-11-21-12-20-12
image-25-11-21-12-20-13
image-25-11-21-12-20-14
image-25-11-21-12-20-15
image-25-11-21-12-20-16
image-25-11-21-12-20-17
image-25-11-21-12-20-18
image-25-11-21-12-20-19
image-25-11-21-12-20-20
image-25-11-21-12-20-21
image-25-11-21-12-20-22
image-25-11-21-12-20-23
previous arrow
next arrow

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Есіл ауданы – Тәуелсіздік айнасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге бас шаһардың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан қоғам қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел барысында Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов ауданның кеше мен бүгіні жайында: «Бәріңізге белгілі, биыл Отанымыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы кең аталып өтілуде. Бұл айтулы датаға Есіл ауданы айтарлықтай жетістіктермен келіп отыр. 2008 жылы құрылған ауданымыз адам танымастай өзгерді. 2008 жылы ауданымызда 64,5 мың адам болса, қазіргі күні 321 мыңдай адам тұрады. Қазіргі күні Есіл ауданы Қазақстан Республикасының әкімшілік-іскерлік орталығына айналды» дей келе, астананың дамуына тікелей атсалысқан азаматтардың ерен еңбектерін тілге тиек етті.
Алқалы жиынның құрметті қонағы, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков: «Мен бұл әңгімені үнемі айтып жүремін. Тәуелсіздікті нығайту үшін қаншама мықты азаматтар Елбасының үзеңгілес серігі бола білді. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды». Олар күн-түн демей еңбек етті. Әлі есімде, Президент бір күні бәрімізге «Осы астананы көшірмесек болмайды» деді. «Қайда көшіреміз?» деп шошып кеттік. «Соны ойлауымыз керек» деді. Содан біраз уақыт өткеннен кейін бір күні бізге: «Былай пайымдап қарасақ, дүние жүзіндегі мемлекеттердің біразының астаналары дерлік өзеннің жағасына салынады екен. «Мен осы жолы Целиноградқа барып келдім. Қараөткелді көпірдің үстінде тұрып қарадым. Сөйтсем, осы Ақмола Қазақстанның тап ортасы екен. Тек Қазақстанның ғана емес, Еуразия кеңістігінің ортасы екен деді. Қазір, шүкір, Елбасының арманы орындалды. Кішкентай Целиноград әсем астанаға, көрікті мекенге айналды» деді мемлекет және қоғам қайраткері.
Аталмыш шарада мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов: «Астана кезінде 260 мың ғана тұрғыны бар қала, оның жеті пайызы ғана қазақ еді. Елбасының ерен еңбегі сол, астананы қосқанатты қалаға айналдырып, сәулеттендіріп, оны дүние жүзіндегі көрнекті қаланың біріне айналдырып, осы жерде ұлтымызды ұйыстырды, жұртымызды түйістірді» дей келе елорда тарихына тоқталды.
Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов: «Бүгінгі отырысымыз, бүгінгі әңгіменің бәрі де Тәуелсіздікпен байланысып отыр. Ата-бабаларымыз аңсаған азаттыққа қол жеткіздік. Қиын-қыстау небір кезеңдерді артқа тастадық. Бір кездегі Целиноградтың Ақмола, Астананың Нұр-Сұлтан болғанын көрдік. Қаламыз көз алдымызда көркейіп жатыр. Мен өзім Ақмоланың тумасымын, осы жерде өстік-өндік. Мен үшін, әсіресе, бас қалада қызмет жасаған он жыл – ең маңызды, мәнді де мағыналы кезең дер едім» деп сөз түйіндеді.

Мерекелік шара қонақтары «Бәйтерек» монументі алаңында өткен белгілі фотограф және кинооператор Талғат Тайшановтың елорданың алғашқы жылдардағы және бүгінгі күнгі бейнесіне арналған «Арман қала» атты фотокөрмесін тамашалап, елордамыздың даму жолына тағы бір көз жеткізді.

Бауыржан Сегізбаев

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − seven =