«АРЛАНДАР» АЗУ ТІСІН КӨРСЕТТІ

0 107

Әзербайжандық «Баку Фэйрске» қарсы WSB бокс сериясының биылғы шымылдығын ашқан «Астана арландары» Алматыда 4-1 есебімен жеңіске жетіп, биыл да биіктен көрінуге ұмтылатынын көрсетіп қойды. Алғашқы жекпе-жек ережеге сәйкес жеңіл салмақтылардан басталды. Кездесудің басында-ақ қабағын жарып алған Әнуар Мұзапаров бес раунд бойы қарсыласпен тең дәрежеде өнер көрсетсе де, жеңісті Хамза Наметов өз қанжығасына байлады. Кейін Бағдад Әлімбеков пен Магомед Гурбановтың арасындағы жекпе-жек 3-0 есебімен алғашқысының пайдасына жазылды. 64 келідегі Асхат Уалиханов та Осман Алиевті оңай ұтты. Сосын Сергей Деревянченконың қарсыласы техникалық нокаутқа кетіп, «Астана арландары» 3-1 есебімен жеңіске алдын ала жетіп қойған болатын. Дегенмен соңғы боксшымыз Василий Левит те әзербайжандық Абдулкадир Абдуллаевтан басым түсіп, «арландардың» айқын жеңісіне себепші болды. «Астана Арландарының» 23 қарашадағы келесі қарсыласы – ресейлік «Russian Boxing» клубы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − sixteen =