«АРЛАНДАР» АЙЛАСЫН АСЫРДЫ

0 122

11016282443_dcf0de7392(1)

«Астана арландары» WSB бокс сериясының кезекті матчында ресейлік «Russian Boxing Team» клубымен кездесіп, сырт алаңда 3-2 есебімен басым түсті.

Қазақстандықтар сапынан Самат Бәшенов (60 кг), Мейірім Нұрсұлтанов (69 кг), Филип Хргович (91 кг) қарсыластарынан айласын асырса, Олжас Сәттібаев (-52 кг) пен Данабек Сужанов (-81 кг) орыс боксшыларына есе жіберіп қайтты.

Бір айтарлығы, «арландар» кеше ресейлік клубпен бесінші мәрте кездесіп, тиісінше оның үшеуінде жеңіске жеткен екен. Ал соңғы кездесудегі нәтиже бойынша, біздің боксшылар «Russian Boxing Team» клубын сырт алаңда тұңғыш рет жеңіп отыр.

«Астана арландары» енді желтоқсанның 6-сы күні «Mexico Guererros» клубымен шаршы алаңға шығады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 − 6 =