«Арландар» айбатын асырды

0 84

Бокстан WSB додасына шыққан «Астана арландары» Алматыда «Аргентина кондорларымен» жауапты кездесу өткізіп, ­5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

Кездесудің алғашқы жекпе-жегінде Бағдат Әлімбеков ( 54 кг)­ Игнасио Перринді ұтты — 3:0. Ал, Ержан Мүсәпіровтің ( 61 кг)­ қарсыласы Брайан Нуньес виза мәселесімен Қазақстанға келе алмай қалғандығына бай­ла­нысты жеңіс бізге берілді. Келесі болып рингке шыққан Константин Снигур ( 73 кг) Давид Хенри Поланкодан 3:0 есебімен басымдық танытты. Одан кейінгі боксшымыз Эхсан Рузбахани ( 85 кг) да қарсыласы Факундо Науэл Сималды бет қаратпады. Соңғы жұпта өнер көрсеткен Роман Капитоненко (+ 91 кг) да қарсыласын тізе бүктіріп, ел сенімін ақтады. Оның қарсыласы Анхел Вийальба тәртіп бұзғаны үшін төре­шілерден үш рет ескерту алып, кез­де­су­де оған техникалық жеңі­ліс жазылды. Осылайша, «Арландар» WSB додасындағы үздік­ төрт команданың қатарына енді. Алдағы жартылай финалда қар­сы­ла­сымыз мексикалық команда болады деп күтілуде. Мек­си­ка­лық­тар да өз алаңында Ұлыбритания боксшыларын дәл осындай есеппен ұтқан болатын.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 10 =