Әріптестік өрісі кеңейді

0 101

Кеше Алматы әкімдігінде «Алматы ауданы үкіметтік емес ұйымдар  күніне орай»  конференциясы өтті. Іс-шараны биыл қыркүйек айының соңында өтетін «Қалалық ҮЕҰ форумы» қарсаңында Үкіметтік  емес ұйымдарды қолдау орталығы ұйымдастырып отыр. 

Орталық бірнеше күн бойы елордадағы үш аудан әкімдіктерінің базасында ҮЕҰ-ның «ашық есік күндерін» өткізеді.

Яғни, халық арасында ҮЕҰ-ның қызметін кеңінен насихаттап, әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудандық бағдарламалар жасауға алғышарттар құрады. Астана қаласы ауданы әкімдіктері мен ҮЕҰ арасында түрлі бағыттар бойынша әлеуметтік әріптестік тетіктерін одан әрі жетілдіру мәселесін бірлесіп талқылайды.
Алматы ауданы әкімдігінің мәлімдеуінше, аудан өмірін жақсартуға сеп болатын, өзекті мәселелерді көтеріп, шешетін ҮЕҰ саны жетерлік.

Астана қаласы ҮЕҰ қолдау орталығының соңғы мәліметтеріне сенсек, елордада 210 ҮЕҰ тіркелген.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 − two =