Әріптесіміз – жүлдегер

0 197

Ұлы Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай студенттер мен магистранттар арасында өткен «Абай әлемі» үздік ғылыми жұмыс байқауында «Астана ақшамы» газетінің шолушысы, «Тұран-Астана» университетінің 1 курс магистрі Қалиакбар Үсемхан жүлдегер атанды.

Бұл байқауды Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған. Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланның айтуынша байқаудың мақсаты – қазақтың ұлы ойшылын насихаттауға, дарынды жас ғалымдарды анықтауға және олардың жұмыстарын таратуға қолдау көрсетуді көздейді. Құрамына белгілі абайтанушы ғалымдар енген қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау оңайға түскен жоқ, олар еліміздің әр өңірінен келіп түскен 100-ден астам ғылыми жұмысты іріктеп алған. Қатысушылардың еңбектері идеялардың ерекшелігімен, дәйектілігімен, нақтылығымен ерекшеленеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + 3 =