АРИЙЛІК СВАСТИКАСЫ БАР ЖӘДІГЕР ТАБЫЛДЫ

0 144

арий

Ақмола облысының Зеренді ауданында археологиялық ескерткіштерді қорғау-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында арийлік свастика бейнеленген үш қыш ыдыс табылды.

Кейінгі қола дәуіріне, андронов мәдениетіне жататын археологиялық жәдігер туралы Bnew.kz ақпараттық порталына Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану орталығының Ақмола облысы бойынша бөлім меңгерушісі Серік Ысқақов түсініктеме берді.

«Қорғау-құтқару жұмыстары Қошқарбай-1 қорымының алты археологиялық ескерткішінде жүргізіліп, 30 қола бұйым мен 8 керамика ыдыс табылған болатын. Жалпы, Қошқарбай-1 қорымының аумағында қола дәуірінен орта ғасырларға дейінгі 150-ден аса ескерткіш орналасқан» дейді С.Ысқақов.
Ал, свастика бейнеленген аталмыш көнелік Зеренді ауданының Кеңескөл ауылының жанында, Шағалалы өзенінен жоғарыға қарай 700 метр қашықтықтағы № 5 қорғаннан табылыпты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + 12 =