АРЕНДАЛЫҚ БАСПАНА АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

0 126

Елімізде баспанасыз жастардың мәсе­ле­сін шешу үшін жалға берілетін тұрғын үй­лер салу қолға алынғаны белгілі. Соңғы жылдарда ел Үкіметі мойнына алған аса ма­ңызды әлеуметтік жобалардың бірі – осы.  

2012 жылы жалға берілетін тұрғын үйлерді салу үшін республикалық бюджеттен 17 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Өкінішке қарай, жергілікті әкімшіліктер осы мақсатқа жұмсалуға тиісті қаражаттың 2,5 миллиардын игере алмапты. Бұл туралы жыл ба­­­сында Елбасы Нұрсұлтан На­­­­­­­­­зар­баев­ мә­лім­де­ген­ еді.­ Пре­­­­­­­­­зи­­­дент­тің­ Ба­қытжан Са­ғын­­­­таев­­ты Премьер-минис­­­­­тр­­­­­­дің бірінші орынбаса­­ры­­­ – Өңірлік даму министрі етіп тағайындау барысында жал­­­ға бе­­рілетін тұрғын үйлер құ­­ры­­­­­лы­­сына арналған, бірақ иге­­ріл­­меген қаражат мәселесін назарға алуды тапсырғаны да сондықтан болатын. Сол жолы Елбасы: «Қаражатты игере алмаса, олардан алып, тиісінше игеретіндерге беру керек. Бір аймақ келесіден озық болуы керек. Бұл – бүкіл әлем бойынша қалыпты жағдай. Қаражатты ел игілігі үшін кім тиімді жұмсай алатын болса, соған беруіміз қажет» деген еді.

Бұл анығында жас отбасылар­­ды баспанамен қамтамасыз етіп, аяқтан тұрғызуға тиіс бюд­­жет қаражатын басқа салаға арнамай, нақ осы құрылысқа жұм­­сауды көздеу ниетінен туған.
Жалпы, жалға берілетін баспана соңғы жылдарда Елбасы назарынан түскен емес. «Қазақстан – 2050» стратегия-сы» атты халыққа Жолдауын жариялағанда да арнайы тоқталған еді.

«Қолжетімді баспана – 2020»­­ мем­­лекеттік бағдарла­­ма­­сы­ аясында жалға берілетін бас­­­пана құрылысын дамыту үшін елі­­мізде тұрғын үй құрылыс кор­­­порациясы құрылатыны да сол күні мәлім болған. Бұл бастама, әрине, аталған бағытта жүйелі жұмыс істеп, бірқатар жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызады.

Қазақстан ипотекалық компаниялары жүйесі бойынша, алдымызға жыл сайын 530 мың шаршы метрге дейін пәтер салу жоспары қойылды. Тұрғын үй құрылыс корпорациясы еліміздегі ең мықты құрылыс компанияларымен бірлесе жұмыс істейтін болды. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша, мұндай пәтерлер бағасының мөлшері де белгіленді. Атап айтқанда, 75 шаршы метр алаңдағы үйлердің 1 шаршы метрі 100 мың теңге, ал айлық төлемнің көлемі 50 мың теңге болады.

Жас отбасыларды жалға бері­летін баспанамен қам­­ту жалпы мемлекеттік жеңілдік­­тер есебінен жүрмек. Мұндай үйлердің құрылысына жергілік­­ті бюджет те үлес қосады. Белгіленген меже бойынша, жер­­гілікті бюджеттерде рес­­пуб­­­­­ликалық бюджеттің 10% көлемінде арнайы резерв тұруға тиіс. Пәтер бағасы жос­­парланған межеден асып түскен жағдайда, осы қаражат «көмекке» жұмсалатын болды.

Сонымен қабылданып отыр­ған бағдарлама бойын­ша, 2015 жылға қарай «Тұрғынүйқұ­ры­­лыс­­­жинақбанкі» арқылы жалға бері­­ле­­тін тұрғын үй құрылысының ау­­­қымы 530 шаршы метрге жетіп, 6,5 мың пәтер жалға берілмек. Олардың ішінде 3 мың пәтер жас отбасыларға арналады.

Жалға берілетін пәтерлердің тиімділігі сол, пәтер алушы 15 жыл бойы үйді әр шаршы метрі үшін 1 мың теңге көлемінде несиелік қарызын төлеп отырады. Келісім бойынша, жалға алу құны төленіп біткен соң, үй жекеменшік құқыққа беріледі. Жалпы, жалға алушы он жылдан кейін-ақ үйдің төленбеген қалған сомасын банк арқылы құйып тастй отырып, үйді сатып ала алады. Қазақстандық ипотекалық компаниялар арқылы жүргізілмек мұндай құрылыс жұмыстарын мемлекет бақылап отырады. Мұқтаж азаматтарға берілуі үшін. Ал қазірге дейін осы мемлекеттік бағдарламалар аясында 20 мыңға жуық азамат қазақстандық ипотекалық компаниялар арқылы пәтер алып үлгерген.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + 15 =