«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өтті

0 37

«Жасыл ел» сарбаздары «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында елордалық 84 жастағы ардагер Иван Николевичтің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға 15-тен аса волонтер қатысты. Ұйымдас­тырушылардың айтуынша, мұндай акциялар үнемі өткізіліп тұрады.

«Ардагерлерімізге көмектесеміз келеді. Игі істі Иван Николаевичтің үйінен бастап отырмыз. Ол кісі жалғыз тұрады, көзі де нашар көреді. Үйінің аумағында күзге дайындық жұмыстарын жүргіздік. Ауласын арам шөптен тазартып, қабырғаларын ақтап, боядық. Ал қыздарымыз үйінің ішін тазалап шықты. Ардагерлерімізге ары қарай да көмектесіп тұрамыз. Қыста ол кісілерге көмір түсіріп, азық-түлігін жеткізіп тұрдық. Сол сияқты үйінің айналасында үйіліп жатқан қарын күредік» деді «Жасыл Ел» жобасы жетекшісінің орынбасары Асылбек Әбдірашитов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × two =