Ардагерлер жарысынан жүлде алды

0 20

Павлодар қаласында ардагерлер арасында өткен дәстүрлі волейбол жарысында Нұр-Сұлтан қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің командасы күміс жүлдегер атанды.Қоғамдық ұйымдар арасында өтетін жарыс биыл бесінші рет ұйымдастырылды. Еліміздің әр аймағынан 12 команда жиналған турнирде Шығыс Қазақстан облысының құрамасы турнир чемпионы атағын жеңіп алды. Ал үшінші жүлделі орынды Алматы қаласының ардагерлер ұйымы командасы иеленді.
«Ардагерлер арасында өтетін жарыс дәстүрге айналып отыр. Жарыс жыл сайын Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай ұйымдастырылады. Осыған дейін Талдықорған, Қызыл­орда, Атырау және Өскемен қалаларында өткен. Алдағы уақытта осы жарысты елордамыз Нұр-Сұлтанда өткізуді жоспарлап отырмыз» дейді жарыс жүлдегері болып келген астаналық жауынгер-интернационалист Нұрлан ­Ахметов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 4 =