Ардагерлер ұйымына – 25 жыл

0 99

Ардагерлер кеңесiнiң құрылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты жиын өттi. Шараға қатысушыларға қала әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтың құттықтау хатын оның орынбасары Василий Крылов оқып бердi.

Әкiм құттықтауында атап өткендей, қазiргi уақытта Астанада 50 мыңға жуық зейнеткер бар. оның 370-i Ұлы Отан соғысының ардагерi, 4600-ы тыл еңбеккерi екен. Қаламыздағы барлық соғыс ардагерлерi толықтай баспанамен қамтамасыз етiлген. «2009-2011 жылдар аралығында соғыс ардагерлерiне 199 пәтер берiлдi. Бүгiнгi күнi бiрде-бiр ардагер пәтер алу кезегiнде тұрған жоқ. Алайда, ардагерлерге құрмет көрсету – мемлекет саясатының әрi қалалық билiктiң басым мiндеттерiнiң бiрi. 2011 жылы оларға әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi бюджеттен 180 миллион теңге бөлiндi», – делiнген әкiмнiң құттықтау сөзiнде.
Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектер үшiн санаториялық және курорттық ем-дом қабылдауларына жыл сайын тегiн жолдамалар берiледi. Қоғамдық көлiктерде тегiн жүру билеттерi және ақысыз дәрi-дәрмек алу мүмкiндiктерi қарастырылған.
25 жылдығын тойлап отырған ұйымның ең жас бөлiмшесi Есiл аудандық ардагерлер кеңесi екен. Бұл бастауыш ұйым небары үш жыл бұрын ғана құрылыпты. Бiрақ, жасаған жұмыстары ел аузында жүр. Алқалы басқосу ардагерлер ұйымдастырған концерттiк бағдарламамен тәмамдалды.

Шынар ӘБIЛДА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 14 =