Ардагерлер үйінде алты жауынгер тұрады

0 119

2 мамырда Сарыарқа ауданының әкімі Ермек Оспанов Көк­тал кентіндегі Қарттар үйіне барып, Ұлы Отан соғысының ар­­дагерлерін Жеңістің 68 жылдығымен құттықтап қайтты.

– Елдік пен ерліктің Ұлы мерекесі – бар­­ша­­мызға қастерлі күн. Жеңіс үшін жан­­қияр­­лықпен арпалысқан аналарымыз бен әке­­леріміздің, аға ұрпақ өкіл­­дер­­інің ерлігіне бас иеміз, – деп тілегін білдірді Ермек Са­быр­­бекұлы ар­найы жайылған мерекелік дастархан үстінде. Қарттар үйінде қанды майданға қатысқан алты ардагер тұрады. Олар – Олег Лынник, Анна Павлова, Иван Пишугин, Александр Подопригора, Екатерина Попова, Екатерина Тыщенко. Астана қалалық Ардагерлер ұйымының тө­­ра­ғасы Бекен Әлімжанов: «Биыл араларындағы ақын Анна Пав­­ло­ваның өлең жинағы шы­­ға­­рыл­­ғалы жатыр» деп, көңілі жартыкеш қа­­­­рияларды бір көтеріп тастады. Жалпы, Сарыарқа ауданында 120 Ұлы отан соғысы ардагері, 2568 тыл еңбеккері тұрады екен. Осы он шақты күнде әкімдік қызметкерлері барлық ардагерлерді құттықтап, хал-ахуал­да­рын біліп шы­ғу­ды жос­пар­­­лап отыр.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =