АРДАГЕРЛЕР ТІЛЕГІН АЙТТЫ

0 140

Сарыарқа ауданының Ардагерлер кеңесі және М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік кеш өтті.

«Мерекелік бағдарламаның мақ­саты – жастарымызды қазақ хал­қы­ның мәдени мұрасымен сусында­ту, оларды отансүйгіштік пен адам­­­­­гершілік қасиетке тәрбиелеу жә­­не кейінгі буын мен ақылман қа­­рия­­лар арасындағы байланысты жал­­ғастыру», дейді Сарыарқа аудандық Ардагерлер кеңесінің Жастар ісі мен мәдениеті жөніндегі комиссиясының төрайымы Ғалия Құсайынқызы.

Кеш «Нұр себелер Ұлыстың Ұлы күні» тақырыбындағы қойылыммен ашылып, ақсақалдардың ақ батасымен жалғасты. Содан соң әдет-ғұрып бойынша Қыдыр ата келіп жиналғандарға жылы тілегін арнады. «Болашақ» ансамблі күмбірлете күй шертіп, «Домбырамен ән айту» үйірмесінің тәрбиеленушілері тамылжыта ән салды. Сонымен қатар, «Бәйтерек» бишілер тобы мың бұрала би билеп, көрермендердің ықыласына бөленді. «Арман» шеберлік мектебінің шәкірттері қазақтың ұлттық ойындарын ұйымдастырып, кештің көрігін қыздыра түсірді.

Осылайша оқушылардың өнерін тамашалаған ардагерлер концерт соңында өз өнерлерімен де бөлісті.

Қызғалдақ ҚЫДЫРБЕК,
Қ.А.Ясауи атындағы
ХҚТУ-дың студенті

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 5 =