Ардагерлер салауатты өмірді қолдайды

0 9

Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында қалалық ардагерлер Кеңесі, Байқоңыр ауданы әкімдігі мен аудандық ардагерлер ұйымы қалалық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ардагерлер салауатты өмірді қолдайды» атты спорттық флешмоб өткізді.

Іс – шараға қатысушыларды қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансыз­бай Есілов, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаев және басқа да қоғам өкілдері құттықтады. Олар ардагерлерді ерен еңбектері, бас қаланың әлеуметтік-экономикалық өсіп – өркендеуіне қосқан қомақты үлестері, салауатты өмірді тұрғындар арасында насихаттағандары үшін алғыстарын білдірді.
Аталған іс-шара – флешмобқа қатысушы ардагерлердің дене шынықтыруымен басталды, әрі қарай аты әйгілі спортшылар неше түрлі спорттық қойылымдар көрсетті.
Флешмоб өткізілу барысында ардагерлер партиоттық және халықтың өлеңдерін айтып, музыка тыңдады, бірін-бірі Халықаралық қарттар күні аясында өткізілген іс- шараның өткізілуімен құттықтады.
Іс-шараның соңында салауатты өмір жолдарын насихаттап, қоғамдық спортты қолдап жүрген белсенді ардагерлер мен спортшыларға қалалық Ардагерлер кеңесінің алғыс хаттары тапсырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × three =