Ардагерлер сайысы

0 19

Нұр-Сұлтан қаласында «Жауынгер-интернационалист Қазбек Абдрахманов атындағы қоғамдық қоры» ұйымының жүлдесі үшін үстел теннисінен Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған ІІІ турнир өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі мен Отан соғысы мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь ұйымдас­тырған жарысқа 10 ардагер спортшы қатысты. Тартысты әрі қызықты өткен ойындардың нәтижесінде Нұралы Аубакиров (Ауған соғысына қатысушы, Нұр-Сұлтан қаласы) бірінші орынға, Әлімхан Тастағанов (Чернобыль апатын жоюға қатысушы, Нұр-Сұлтан қаласы) екінші орынға, Бейсенбек Бирмағанбетов (Ауған соғысына қатысушы, Қарағанды облысы) үшінші орынға ие болды. Барлық жүлдегерлерге диплом, медаль, сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ жарыс жүлдегерлеріне Абдрахмановтар отбасы атынан қаржылай сыйлық табыс етілді.
Отан соғысы мүгедектеріне арналған Орталық госпитальдың директоры, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Динара Уразалина мен астаналық «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» ҚБ төрағасы Серік Кенжебеков жарысқа қатысушыларға алғыс білдіріп, зор денсаулық тіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + seven =