Ардагерлер қолдау білдірді

0 11

Нұр-Сұлтан қаласы және аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, Президенттің ел алдына қойған негізгі міндеттерін атап өтті. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өткен жиында ардагерлер мен зейнеткерлер еліміздің стратегиялық жоспары туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау бойынша кейбір ұсыныстарын жеткізді. Жиынды орталық директоры Мұхтар Еркетаев жүргізді. Ол Президент өз Жолдауында пандемия кезінде өңірлік саясат, медицина, экономика, саяси жаңғырту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігі мәселелеріне көп көңіл бөлгенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының ең төменгі жалақыны көтеру туралы бастамасы бізді ерекше қуантты, ол түрлі салаларға әсер етеді және көптеген қазақстандықтың табысының өсуіне айтарлықтай әсер етеді, демек ұлттың әл-ауқатының деңгейі артады. Біз Президенттің азық-түлік бағасын ұстап тұруға, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа ауыстыруға, жаңа мектептер салуға және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі басқа да нақты міндеттерін Үкімет басшылыққа алуы тиіс деп санаймыз» деді Мұхтар Еркетаев. Жиынға қатысушылар «Президент Жолдауы – мемлекеттік аппаратты, қоғамдық процестерді, ішкі және сыртқы саясатты жан-жақты дамыту жөніндегі міндеттерді көрсететін уақытылы және көпвекторлы бағдарламалық құжат» деген пікір білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + five =