АРДАГЕРЛЕР ҚАТАРДАН ҚАЛМАЙДЫ

0 78

Есіл ауданы құрылғанына да бес жыл толып отыр. Ауданның өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жатқан ұйымның бірі деп аудандық ардагерлер кеңесін айтуға болады.

Рысты Атығаева жетекшілік ететін айтулы ұйым бар­лық зейнет жасындағы адамдарды есепке алып, ҰОС-ның, Ауғанстан со­ғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл ең­бек­керлері, еңбек ар­да­гер­леріне, олардың әлеу­меттік жағдайларына, денсаулықтарына ерекше көңіл бөліп, материалдық, рухани қамқорлық жасап, еліміздің атаулы мерекелік күндеріне байланысты ақшалай, заттай сыйлықтар, ас беру, мәдениет орындарына тегін билет беру сияқты шаралар жиі жасалып тұрады. Студент жастар мен оқушылардың арасында да патриоттық тәрбиеге аса көп көңіл бөледі.

Ардагерлер ұйымы аудан әкімдігінің басшылығымен тығыз байланыста болып, қолдау тауып отырады. Мәселен, жақында аудан әкімдігі жаңа ғимаратқа қоныс аударғанда ардагерлер ұйымын бұдан да жақсы жұмыс істеулеріне жағдай жасап, кең бөлме мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Есіл аудандық ардагерлер ұйымы да басқа бүкіл Қазақстан халықтары сияқты елімізде болып жатқан іс-шаралардан қалыс қалмай, атсалысып жатады. Әсіресе, Президент Жолдауларын қолдап, халықтың арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өз үлестерін қосып отыр.

Бостан ШАХМАНОВ,
еңбек ардагері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × two =