АРДАГЕРЛЕР ПӘТЕР АЛДЫ

0 196

ERA_4769

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған әлеуметтік саясаттағы маңызды басымдықтардың бірі Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне қолдау көрсету. Осыған орай, Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин бір топ майдангерге пәтер кілтін табыс етті. Енді олар Жеңіс күнін жаңа пәтерде тойлайтын болды.

Қала әкімінің орынбасары өзінің қабылдауына келген ардагерлерді Наурыз және алдағы Жеңіс мейрамдарымен құт­тықтай келе: «Елбасының сали­қалы саясатының арқасында ардагерлерге жасалынып жатқан қамқорлық өте зор. Соның бір көрінісі ретінде сіздерге бүгін алты пәтердің кілтін тапсырғалы отырмыз. Біз сіздерді әрқашан мақтан тұтамыз әрі құрметтейміз», – деді.

Мерекелік құттықтаудан соң, арда­герлердің барлығына жеке-жеке пәтердің кілті табысталды. Шараға қатысушы қариялар Елбасы тарапынан жасалып жатқан осындай игі шараларға, жан-жақты қолдауға өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

– Бізге деген құрмет пен жақ­сы­лықтарың үшін шын жүрегімнен рахмет айтамын. Бүгінгі ұрпақ бақытты кезеңде өмір сүріп жатыр. Осы бейбіт кезең әрдайым ұзағынан болсын, – дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Жапаш Кәшеков.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − fifteen =