АРДАГЕРЛЕР МЕН АҚХАЛАТТЫЛАР ҚАН ТАПСЫРДЫ

0 114

ZAH_2388

Кеше Ұлы Отан соғысы ар­дагерлері мен мүгедектеріне арналған орталық клиникалық гос­питальда ұжым қызметкерлері мен ауған соғысының ардагерлері  ерікті түрде қан тапсырды.

Шараға қатысушылардың бірі – Ауған соғысының ардагері Мейрамбек Төлепбаев науқастарға қан беруді азаматтық парыз санайды.

Елордамызда донор қанына зә­рулік өте жоғары. Қан құю арқылы ғана адам өмірін сақтап қалуға болатын ауру түрлеріне гемофилия, қан аздық, бауыр, қатерлі ісік, күйік шалу жатады.  Әсіресе, донор қаны босанған ана өмірін сақтап қалуда өте маңызды.

– Адам өміріне араша болуға ниет­тенгендердің қатарында өзіміздің әріптестеріміз бен ауған соғысының ардагерлері бар. Донор болатын адамның денсаулығы дұрыс болу керек. Олардың барлығы қан тапсырар алдында дәрігерлік және зертханалық тексеруден өткізіледі. Жалпы, донор болып, қан тапсыру адамның өз денсаулығына да пайдалы. Донор өз денсаулығын жан-жақты тексертіп қана қоймай, өзге жанның да өмірін сақтап қалады. Егер қан тапсырушы азамат медициналық тексеруден кейін қандай да бір ауруға шалдыққаны анықталса, біз оны емдеуге кірісеміз, – дейді мекеме директоры Әділхан Абдулин.

Гүлмира Шарханқызы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды