Ардагерлер көңілі ортаймасын

0 104

«Шарапат» сауықтыру орталығындағы ардагер әжейді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы және ҚР ұлттық әскери-патриоттық орталығы құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Концерттік бағдарламаға ҚҰ ҚК Орталық оркестрі қатысты.

«Ардагерлер – асыл қазынамыз. Біздің қозғалыс жасөспірімдерді әскери-патриот­тыққа тәрбиелеу барысында оларға ардагерлердің қадірін де жете түсіндірумен айналысады. Соған байланысты, біз әр мереке сайын және мерекеден тыс ардагерлеріміздің көңілін аулап, жақсы сый сыйлағымыз келеді. Бүгін де Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Лариса Игоревна әжемізді құттықтап, кішігірім 15 минуттық концерт ұйымдастырып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйладық. Ардагерлерімізді әрдайым қорғап, қолдап, көз алдымызда аялап ұстауы­мыз керек» деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасы ­Асхат ­Налшыбек.
Іс-шараға ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриот­тық орталығының бас­тығының тәрбие және идеология жұмыстары бойынша орынбасары Ерболат Жүсіпов, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев қатысты. Іс-шара барлық санитария нормаларын сақтай отырып өткізілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − 12 =