Ардагерлер – алтын тұғыр

0 124

Кеше Конгресс-холда Қазақстан Республикасының «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бiрлестiгiнiң құрылуына 25 жыл толуына байланысты салтанатты мереке болып өттi. Жиынды ашқан Мемлекеттiк хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының ардагерлер қауымына арнаған құттықтауын оқып бердi.
«Ардақты ардагерлер! Сiздердi айтулы оқиға – Республика арда­герлерi ұйымының құрылуының 25 жылдығымен құттықтаймын. Ең алдымен барлық ардагерлерге шы­найы ризашылығымды бiлдiргiм келедi. Аға ұрпақтың еңбегiн то­лық­тай бағалау қиын. Сiздердiң көп­шiлiгiңiздiң жастық шақтары­ңыз Ұлы Отан соғысының сұрапы­лына тап келгендiктен, майдан далала­рында ерлiк пен қаһарман­дықтың үлгiсiн көрсете жүрiп шай­қасып, Ұлы Жеңiстi жақындат­тыңыздар. Соғыс­тан кейiнгi халық шаруашылығын қалпына келтiру жылдары да оңай болған жоқ. Сiз­дер ол мiндеттi де үлкен абыроймен орындап шық­ты­ңыздар», – деген Елбасы лебiзi ардагерлердiң ме­рейiн тасытты.
Құттықтау хатпен қоса Халық қаһар­маны Сағадат Нұрмағамбетов бастаған  бiрнеше ардагерге «Алғыс грамоталары» табысталды.
Мерейтойлық шара «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бiрлестiгi төрағасының орын­ба­сары Бекболат Мұқышевтiң баян­да­масы­мен жалғасты. Оның баян­дауын­ша, 1987 жылы құрылған ар­дагерлер бiр­лестiгi ел үшiн маңызы зор көптеген шаруалардың басы-қа­сында жүр. Оның iшiнде жас­тарды отансүй­гiш­тiкке баулуда, адамгершiлiкке тәр­биелеу iсiнде, Отанымыздың көрнектi тұлға­ла­рын дәрiптеуде ерен еңбек сiңiрiп, үлкен белсендiлiк танытатын бiр­ден-бiр ұйым – осы ардагерлер бiр­лестiгi. Соңғы жылдарда бiрлес­тiктiң күшiмен Ұлы Жеңiстiң ме­рей­тойлары мен республикалық арда­гер­лер ұйымдарының атаулы күндерiне арналған 5 кiтап жарық көрдi. Қазiр бұл ұйымда 730 мың­нан астам ардагер бар. Олардың екi мыңы – Қазақ­станға еңбегi сiңген қайраткерлер. Төртеуi – Халық қаһарманы.
Ардагерлердi құттықтауға Пар­ла­мент Мәжiлiсiнiң депутаты Дари­ға Назарбаева, Денсаулық сақтау ми­нистрi Салидат Қайыр­бекова, Еңбек және халықты әлеу­меттiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықова, Астана қаласы әкiмi­нiң орынбасары Аида Балаева және басқа да лауа­зымды тұлғалар келдi.
Жиын соңы өнер майталман­да­рының дайындаған мерекелiк кон­цертiне ұласты.

Шынар ӘБIЛДА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + 5 =