©2020 Астана Ақшамы
АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫСЫН АЙТТЫ
Елорда аумағындағы Өндіріс тұрғын алабында тұратын 300-ден астам аға буын өкілдері тегін медициналық тексеруден өткізілді.
«Ашық есік күні» акциясы барысында Ұлы Отан соғысының майдангерлерін, еңбек ардагерлерін және жалғызбасты зейнеткерлерді терапевт, лор, окулист, невропатолог, гинеколог дәрігерлер қабылдады. Барлық ардагерлердің қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейі тексерілді. Қажетіне қарай ЭКГ және УДЗ жасалды.
Денсаулықтарын тексертіп, мамандардан тиісінше кеңестер алған ардагерлер акцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.
Осындай акция енді Көктал тұрғын алабында өткізілмек.