АРДАГЕРЛЕР АЛҒЫСЫ

0 159

Жеңіс мерекесі қарсаңында №6 емхананың ұжымы Ұлы Отан соғысына қатысқан қаладағы бір топ ардагердің үйіне барып, оларды мерекелерімен құттықтады.

Алдымен Л.Абрамовтың үйіне бас сұққан дә­рігерлер тоқсан екідегі қарияның хал-жағдайын сұрады. Содан соң ардагерді Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтап, гүл шоқтары мен басқа да сыйлықтарын тапсырды. Қалалық №6 емхананың бас дәрігері Лариса Бухановская болса сонау сұрапыл жылдарда бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін жау­мен жан аямай бетпе-бет шайқасқан жауынгердің ерлігіне бас иетінін айтып, емхана ұжымының атынан ізгі тілегін жеткізді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері Н.Асадчая мен А.Одноралова сексен төртте екен. Дегенмен, олар әлі тың, қимылдары ширақ. Өздерінің бастан кешкен ауыр күндері, сол жылдардың қиындығы туралы әңгімелей келе, әжейлер осы жасқа жетіп, бейбіт күнге куә болып отырғандары ақ халатты абзал жандардың арқасы екенін атап өтті.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 4 =