АРДАГЕРІН АРДАҚТАДЫ

0 108

Астанадағы Басқару колледжінде «Кәсіби және техникалық білім беруді дамытудың қазіргі заманғы әдістері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ол аталмыш білім мекемесінің ардагер ұстазы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері, доцент Михайл Горбуновтың 70 жылдық мерейтойына арналды. 

Конференцияға Астанадағы 14 колледж бен 7 республикалық деңгейдегі орта кәсіби білім беру мекемесінің өкілдері қатысты. Олардың арасында Қазақ Экономика, қаржы және халықаралық сауда; Технология және бизнес университеттерінің оқытушылары мен Біліктілікті арттыру институтының мамандары, сондай-ақ, елордамыздағы колледждердің мұғалімдері де бар. Олар педагогикалық білім берудің көкейкесті проблемалары мен құзыретті мамандар даярлаудағы ақпараттық технологияның рөлі туралы өзара ой бөлісті.

Басқару колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Л.Ибраева мерейтой иесінің өмірі мен оның білім беру саласына қосқан үлесі туралы қысқаша баяндама жасады. Шара соңында бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі соны пікірлерімен ерекшеленген қатысушылар дипломдармен марапатталып, алғыс хаттарға ие болды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 5 =