Ардагерді мерейлі мерекесімен құттықтады

0 27

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысының ардагері Нұршида Ахметованы келе жатқан Халықаралық әйелдер күні мерекесімен арнайы барып құттықтады.Осы жылы дәл Жеңіс күні, яғни 9 мамырда 98 жасқа толатын Нұршида Ахметова соғыс жылдары және соғыстан кейінгі өмірі туралы өз естеліктерімен бөлісті. 4-Украин майданындағы атақты СМЕРШ барлау бөлімі жанындағы медициналық бөлімде қызмет етті. Жеңіс күнін Чехословакияның Морав аралдарында қарсы алды. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалімен және Қазақстан мен Украинаның көптеген мерейтойлық наградаларының иегері.
Қала басшысы осы жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығы елдік деңгейде атап өтілетінін, соның ішінде елордада да ауқымды шаралар жоспарланып отырғанын, соғыс ардагерлерін қолдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып, соғыс ардагеріне ел басына күн туғанда ештеңеге қарамай майдан даласына аттанғаны үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық тіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =