Ардагер партия қатарына алынды

0 116


«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Қайрат Жаңабергенов елордалық Ұлы Отан соғысының ардагерi Михаил Куликовты туған күнiмен құттықтап барды.
Михаил Афанасевич 1922 жылы туылып, 1941 жылы қызыл әскер қатарына алынған. Курск доғасында, Сталинград, Харьков қалаларында, Молдова, Румыния топырақтарында жаумен кескiлескен шайқастарға қатысып, жеңiс таңын Мәскеуде қарсы алған екен. Бейбiт жылдары Ақмола облысына қарасты Жақсы, Есiл аудандарының әскери комиссариатында ұзақ жылдар қызмет атқарған. Соңғы төрт жылдан берi облыс аумағынан қан майданға аттанған азаматтардың өмiрi мен ерлiгi жайында кiтап жазуда. «Қызыл Жұлдыз», «Достық» сынды көптеген орден-медаль-дардың иегерi.
Ардагердiң шаңырағына бас сұққан партия өкiлi оған ақ тiлегiн айтып, салтанатты жағдайда партиялық билетiн табыс еттi. Осы күнi Михаил Куликовты Халық Қаһарманы, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Бақытжан Ертаев та құттықтап барып, сый-сияпат жасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 − 1 =