Ардагер есімін ардақтады

0 132

Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жауынгер-интернационалист Қазбек Абдрахманов есімін еске түсіруге арналған дәстүрлі шағын футбол турнирі өтті.

Биылғы жарыс балалар үйлері және аулалық клубтар командалары арасында ұйым­дастырылды. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды және отандық патриотизмді дамытуды көздеген жарыстың қорытындысында Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы «Балалар үйі» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды «Эверест» аулалық командасы иеленсе, үздік үштікті Астана қаласы әкімдігінің №6 кәсіптік-техникалық колледжі оқушылары түйіндеді. Ал жарысты қабылдаған Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» ММ командасы төртінші орынды қанағат тұтты. Ауғанстан соғысы майдангерінің ерлігін әспеттеген жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Жарыстан соң Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ерлік сабағы» өтті.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − one =