Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ардагер ақынды еске алды

0 391

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, ақын, аудармашы, публицист Хамит Ерғалиевті еске алу кеші өтті. Кеш Қасым Қайсеновтің қаламдасы Хамитке арнап жазған өлең жолдары бойынша «Өмірде де, өнерде де қаһарман» деп аталды. Жиынды ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы жүргізді.

Хамит Ерғалиевті қаһарман дейтіні, ол 1941-1945 жылдарда соғысқа қатысқан. Шығармашылығы арқылы қазақ халқының Қазан төңкерісінен кейінгі өмірін, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан кейінгі халықтың өмірін қамтыған. «Әке сыры» поэмасында Кеңес заманы адамдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен ерлігін, халықтың бейбітшілік жолындағы жанқиярлық күресін жырлады.
Жиын үстінде белгілі әдебиет зерттеушісі Серік Негимов айтқандай, біртұтас шығармашылығына лирика мен эпикалық жанрды қатар сыйдырған қаламгердің қазақ әдебиетінен алар орны айрықша. Оның туындыларының қай-қайсысынан да ұлттық патриотизм, азаматтық ұстаным, мінез бен талғам биіктігі көрініп тұрады.
Қаламгердің ұлы Мұрат Хамитұлының сөзі бойынша елордадағы Ұлттық академиялық кітапханаға тұлғаның жеке кітапханасындағы 1500-ден астам кітап тапсырылған. «Әкемнің кітапханасы өзінің талғамына сай құрылған ғой. Бірақ, байқасақ, кейбірін қажеттіліктен, авторын құрметтегеннен де жинаған сияқты. Кітаптардың арасында, мысалы, Лениннің кітаптары да болды, – дейді ол.
1916 жылы Атырауда туып, 1997 жылы дүниеден өткен Хамит Ерғалиевтің есімі бүгінде Атыраудағы өзі туған ауылға берілген. Қазір сол облыстағы мектепке ақынның есімін беріп, ұлықтап жатыр екен. Сондықтан қаламгердің соңында қалған мұраларының кейбірі Астанадағы кітапханаға тапсырылса, қолжазбалары қажетіне қарай, өз атындағы мектепке өткізіліп отыр.
Әлем әдебиетінің озық үлгілерін қазақшаға аударған қаламгер Елизавета ханшайымның қолынан алғыс хат алған жалғыз қазақ жазушысы. Бұл марапатты ол ­У.Шекспир шығармаларын аударғаны үшін 1995 жылы алған еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды