«АРДАГЕР» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

0 125

DSC_8082

Қаламызда Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен Жеңістің жетпіс жылдығына орай «Ардагер» акциясы басталды.

Белсенді жастардан құралған топ күш бірік­тіріп, ардагерлер мен егде адамдарға көмек көрсетуді қолға алды. Акция аясында барлық майдангерлердің шаңырағына барып, мерекемен құттықтау жоспарланған. Сонымен қатар, демалыс күндері жастар қауымы қарияларға түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып отырады.

Жыл бойы жалғасатын игі шараның басы 90 жасқа келген Нұриден Жиғаншин ақсақал­дың шаңырағынан басталды. Студенттер қарт жауынгермен пікірлесіп, ауласын күртік қардан тазартып берді. Жастардың бұл бастамасына көңілі толған майдангер елімізге тыныштық тіледі.

«Елорданың барлық университеттерінің, колледждерінің студенттері бүгінде акцияға белсене қатысуда. Біз мұны жыл бойы жалғастыруды  жоспарлап отырмыз» деді жастар саясаты орталығының төрағасы Нұрмұхамед Қадырәлиев.

Бағлан ОРАЗАЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =