«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әрбір әрекеті – бақылауда

0 236

«Елорда ақпарат» медиаресурсы мен «Астана» радиосының бірлескен жобасы – «Елорда ты­ны­сы» ра­дио­­хабарының кезекті шығарылы­мын­­да­ғы сұх­­­­­бат Этикалық кодекс пен мемле­кеттік қыз­мет­­ші­нің мінез-құлық нормалары тақы­рыбында өр­біді. Студия мейманы Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, этика жөніндегі уә­кілетті өкілі Имин Сабиров тікелей эфирдегі сұхбат барысында мемлекеттік қызметшілерге азаматтар тарапынан түсетін шағымдар жайлы әңгімеледі.

– Өздерін қанағаттандырмаған жағдайлар туралы айтудан тартынбайтын азаматтардан арыз-шағымдар көп түседі. Солардың ішінде былтырғы 16 шағым мен биылғы бірнеше өтініш есімде ерекше сақталып қалыпты. Ша­ғымда көтерілген мәселелер әртүрлі. Соның ішінде жұмыс орнындағы тәртіпсіздік те бар. Қалалықтардың бірі Тұрғын үй басқармасына шағымданған кез де болды. Біз бұл мәселені қарастырғанда басқарма басшысы этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшімен бірге шақырылды. Шағымданушы мемлекеттік қызметшінің жұ­­­­­мыс үстелінде бутерброд тұр­ғанын жақтырмаған тәрізді. Сол үшін бізге шағым түсірген. Олар тіпті осындай жағдайға да назар аударады, – дейді Имин Сабиров.
Оның айтуынша, қаралған мәселелердің ең күрделісі Қазақ­­стан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері төрағаларының әкімдік құры­­лымдық бірлестігінің жетек­шісіне шағымданған кезі болыпты.
– Ассамблеяға қарасты 17 этно­­мәдени бірлестіктің тө­р­а­ға­сы әкімдіктің құры­лымдық бір­лестік жетекшісінің үстінен оның әдепсіздік танытып, онымен қоймай өзіне жүк­тел­ген міндетті тиісінше орында­мағаны үшін шағым түсіріпті. Бұл дерек бойынша Президент Әкімшілігі қыз­меткерлерінің қатысуымен төрт отырыс өт­кіздік. Бұл өті­ніш өте мұқият қаралды. Нәти­жесінде қала басшылығына сол директорды жұмыстан босатуға ұсыныс жіберілді, – дейді И.Сабиров.
Этика жөніндегі уәкілетті өкіл сонымен қатар мемлекеттік ор­ган­дардың лауазымды тұл­ға­ларына, сондай-ақ ква­зи­мем­лекеттік кәсіп­орын басшысына да ұжым­дық шағымдардың түскенін атап өтті.
– Аудан әкімдігінде жергі­­лік­ті атқарушы органның аппарат басшысы лауазымындағы тұлғаның үстінен де шағым­данды. Содан аппарат басшысы сөйлесуге шақырылып, бұл туралы әкімге ақпарат берілді. Бірақ бұдан кейін ол қызметкер жұмыстан босатылды, – деген этика жөніндегі уәкілетті өкіл, – тағы бірде әдепсіздік көр­­сеткені туралы әкім­дікке қа­райтын кәсіпорын, яғни квази­мемлекеттік сектордың басшысына ұжымдық шағым келіп түсті. Ол қызмет көрсетуде ерекше жеңілдіктер сұрап, талабы орындалмаған кезде қызметін асыра пайдаланбақ болыпты. Этика жөніндегі уәкілет бұл іске қатысты шешімді тек заңға сәйкес, оны жазалау керек­­тігі жөнінде мемлекеттік ор­­ганға ұсыныс жасады. Білуім­ше, ол жазасын алды да, – дейді.
Этика жөніндегі уәкілетті өкіл сөз соңында азаматтардың мемлекеттік қызметшілердің теріс әрекетін байқаған жағ­дайда белсенділік танытып, оған жүгінуге болатынын айтты.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды