Әр үйге газ құбыры тартылады – Ерлан Бекмұрзаев

0 55

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімі Ерлан БЕКМҰРЗАЕВ «El-Orda» YouTube арнасына сұхбат беріп, тұрғындардың аудандағы өзекті мәселелерге қатысты сұрағына жауап берді. Сұхбат барысында ол ауданның экономикалық ахуалы, газдандыру жүйесі, әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы аналарға арналған жеңілдіктер туралы сөз қозғады. Сондықтан назарларыңызға сұхбаттың маңызды тұстарын ұсынып отырмыз.

Бекмұрзаев

– Ерлан Орынбасарұлы, сіз 2,5 ай бұрын Алматы ауданының әкімі болып тағайындалған едіңіз. Қазір қандай өзекті мәселелермен бетпе-бет келіп отырсыз?

Аудан бойынша қысқа және ұзақ мерзімді мәселелер бар. Ауданды аралау барысында барлық мәселелерді өзіміз реттеп, тұрғын үй, инфрақұрылымдық дамыту, аулаларды абаттандыру істерін қолға алдық. Одан бөлек, тұрғындарды мазалап жүрген басқа да мәселелер бар. Оны қала әкімдігінің басқармаларымен бірлесе отырып, рет-ретімен шешетін боламыз.

– Орбұлақ көшесіне асфальт төселмей, жұртқа аудан әкімдігі тарапынан уәде беріліп келе жатқанына да 3 жыл болған екен. Ол жөнінде не айтасыз?

– Орбұлақ көшесі «Железнодорожный» тұрғын алабында орналасқан. Ол жерде 19 көше бар. Оның 11- інде асфальт жолы болса, қалған 8 жол бойынша Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы конкурстық процедуралар жүргізіп жатыр. Бірақ оны ұтқан мердігер компанияның серіктесі сотқа жүгінген. Сот шешімі әлі шықпағандықтан, бұл мәселе тоқтап тұр. Енді жалғастыру жұмыстары 2022 жылға жоспарланып отыр. – Үйлерге газ қашан қосылады? Аудан тұрғындары көк түтіннен қашан арылады? – Елорданы газдандыру жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған еді. Жобаны аудан бойынша «Оңтүстікшығыс» тұрғын алабынан бастадық. Ол көшеге биыл газ беріледі. Осыған байланысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл – қаламызда бұрын-соңды болмаған тарихи жоба

DSC_5266
DSC_5272
DSC_5273
DSC_5282
DSC_5286
previous arrow
next arrow

– Газды жеткізу бойынша мемлекет тарапынан жеңілдіктер бар ма?

–Мемлекет тарапынан жеңілдіктер бар. Тұрғындардың әрқайсысының үйінің алдына газ құбырын жеткізіп береміз. Сосын бізде әлеуметтік осал топтағы, зейнеттегі азаматтарға арналған жеңілдіктер бар. Біріншіден, банк тарапы қайтарымды ақшаны 1 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, әлеуметтік осал топтағы азаматтар Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына арыз жазса, 262 мыңға дейінгі соманы осы газдандыру мәселесіне ала алады.

Ол да мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек. Мысал ретінде айтсам, былтыр газға қосылған тұрғындар газдың рахатын көріп жатыр. Сосын газ қоятын компанияның лицензиясының болуы, қауіпсіздік талаптары толықтай сақталуы қажет.

0a79de5f-8371-4354-8577-094c337fa6f0
4e93ecfe-6378-41d1-870d-1367a1ab90d9
7ebe92c2-d758-4207-9f15-3cae4c16550f
7f3ee0a0-c1ae-4f24-8a7f-0855a9524fe5
8ee0056e-331d-4b41-97f1-ee4717a02016
16a9be24-bcc9-49f6-97e9-afa927c329a4
98e821db-65fe-49b8-9369-68ba9ba3313f
4680f1f0-53cf-415e-8f42-ea1f9c1e7f51
dc09c5c3-8802-478c-9911-26f781f4ffc2
previous arrow
next arrow

– Соңғы кездері газ баллондарының жиі жарылатыны туралы ақпарат көбейген. Осындай жағдайды болдырмас үшін қандай техникалық шаралар жасалып жатыр?

– Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Дегенмен кейбір тәртіп бұзушы кәсіпкерлер газды үйіне заңсыз кіргізіп алады. Енді соларды жауапқа тарту жұмыстары қолға алынып жатыр. Әрине, рұқсаты болмаса, одан кейін келеңсіз жағдай тууы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде рұқсаты болуы керек. Біз қазір Төтенше жағдайлар департаментімен бірге қанатқақты жоба ретінде «Оңтүстікшығыс» тұрғын алабындағы 500-ге жуық үйге электронды дабыл белгілерін орнатып жатырмыз. Ол жерде әлеуметтік осал топтағылар мен көпбалалы аналардың үйлері бар. Солардың тізімін жасап, қауіпсіздікпен бірінші кезекте қамтымақпыз. Бұл ретте дабыл белгісі өрт жағдайында сигнал беріп, автоматты түрде шұғыл іс-шаралар қабылдауға мүмкіндік жасайды. Осы мәселені қолға алдық.

– Ауданның экономикалық потенциалы жөнінде не айтар едіңіз?

– Жалпы ауданның экономикалық көрсеткіштері жақсы деуге болады. Өткен жылы пандемияға қарамастан шағын бизнеспен айналысатындардың саны өсті. Қала бойынша тіркелген 150 мыңға жуық бизнес өкілдері болса, оның 53 мыңға жуығы – біздің Алматы ауданында. Әрине, мейрамханалар, кафелер, сервистік қызметте жүрген кәсіпкерлердің барлығы пандемияның көп ауыртпалығын көрді. Одан бөлек, инвестициялық ахуалды жақсарту барысында екінші индустриалды парк құрылысы жоспарланып отыр. Бірінші индустриалды паркте 85 кәсіпорын өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның 51-ге жуығы іске қосылған. Ал қалған зауыттар құрылыс сатысында, жобалық-сметалық жобалау барысында десек, енді біреулері жер телімін рәсімдеумен айналысып жатыр.

3361c59ce181d8bdc4eb8ca26a7d9d9d

– Өндіріс орындарында қанша жұмыс орны бар?

– Бірінші индустриалды парктегі 51 зауытта 4800-ге жуық жұмыс орны бар. Ал шағын және орта бизнестегі жұмыс орындарының саны 161 мыңға жуық. Айта кету керек, біздің ауданда жұмыссыздық мәселесі төмен. Қазірдің өзінде сол индустриалды паркте 500-ге жуық бос жұмыс орындары бар. Жалақысы – 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін.

– Көпбалалы аналарға арналған қандай жеңілдіктер бар? Бізге бір тұрғыннан сұрақ келген екен. «Мен көпбалалы анамын. Кіші балам үш айлық, мемлекеттен көмек бар деп естідім, осыны алуға бола ма?» дейді ол. Осыған не айтар едіңіз?

– Бізде қала бойынша көпбалалы аналарға арналған «Жанұя» орталығы құрылған. Онда көпбалалы аналар болсын, әлеуметтік осал топтағылар болсын, мемлекеттен қарастырылған барлық көмек түрлері бойынша кеңес ала алады. Орталықта білікті мамандар отыр. Сондай-ақ өзіміз де азаматтарды қабылдаймыз. Сондықтан сол санаттағы тұрғындар аталған орталыққа немесе аудан әкімдігіне келсе болады.

– Ал өзіңіз тұрғындар үніне қаншалықты құлақ асасыз?

– Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша бүкіл әкімдік қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы барлық тұрғындардың ұсынысын, олардың жазған пікірлерін жеке бақылауға алып, жауап беруге тырысамыз.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Назерке Еркінқызы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 2 =