«ӘР ТҰРҒЫНҒА – ҚАУІПСІЗ АЗЫҚ-ТҮЛІК»

0 144

9898938ca1de2ff9e5ed91f42a1

Кеше елордадағы «Астаналық базар», «Шапағат», «Әсем» базар­ларында осы аттас акция басталды. Бұл шара үш күн бойы өткізіледі.

Акцияның алғашқы күнінде 278 тағам өнімінің сынамасы тексерілді, соның ішінде 210 сынама жеміс-жидек пен көкөністерді нитраттың қалдығына, 69 сынама тағам өнімдерінің микробиологиялық ластануын анықтауға тексерілді. Тексерулер қорытындысы бойынша барлық өнімдер талаптарға сәйкес келетіні және қолдануға қауіпсіз екені анықталды.

Акция барысында 74 сатып алушы Астана қаласы Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті қызметкерлеріне өздерін мазалаған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, тауарды қалай қайтаруға, сүттің, шұжықтың, ірімшіктің сапасын қалай анықтауға болатыны туралы кеңестер берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × one =