«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әр сәбиге – бір ағаш

0 176

Қалалық Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Саналы азамат» жобасы шеңберінде биылдан бастап жыл соңына дейін «Жаңа туған нәрес­теге бір ағаштан» атты тамаша экологиялық шара бастады.

Жақында қаңтардың алғашқы күндері елордадағы перзентханаларда өмірге келген сәбилерге отырғызылған көшеттердің сызбасы мен құттықтау хаты 1704 ата-анаға табыс етілді. Бұл игі шараны аталған басқарма мен Денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп жүзеге асыруда. Шараның мақсаты тарихи дәстүрді сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға насихаттайды. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, нәрестелерге отырғызылған көшеттер Астана «жасыл белдеуінің» аумағында орналасқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды