«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Ақжайнаққа» алданғандар көп

0 247

Қазіргі таңда азаматтарға зиянын тигізетін алаяқтық қылмыс жиілеп кетті. Соның бірі – Амангүл есімді әнші құрған қаржылық пирамиданың үстінен қылмыстық іс қозғалуда.

Астана қаласы Полиция де­партаментінің тергеу бас­қар­масында ҚР Қылмыстық кодексі-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тергеп-тексерілуде. Белгілі әнші 2018 жылдың шілде айында әл-ауқаты төмен отбасыларға, мүге­дектерге, жалғызбасты ана­ларға және ақшасы жоқ мұқтаж жандарға материалдық тұрғыдан көмек бергісі келетінін айтып, «Ақжайнақ» деп аталатын қар­жылық ұйым құрған. Ұйымға әр қатысушы шамасына қарай 20 000 теңгеден қаражат салған. 5-10 күннің ішінде өз атынан тағы екі адам алып келген жағдайда салған ақшасы екі еселеніп, 40 000 теңгеге өсіп отырған. Егер тағы да екі адам тартса, бастапқы салған 20 000 теңгесін еш қиындықсыз алып отырған екен. Осылайша аталған ұйым 2018 жылдың тамыз айына дейін жалғасып, нәтижесінде бірнеше адамға материалдық шығын келтірген.
Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, 2018 жылдың шілде айының 18-не дейін ақша салған адамдар өз қаржыларын екі еселеп алған, ал кейіннен қосылғандардың барлығы бет­терін сипап қалды.
Мұндай деректердің жиілеуі халықтың санасында бұл іс-әрекеттердің ақыры жалған, алаяқтық екендіктерін біле тұра, жеңіл жолмен өз ақшаларын еселеп алу мақсатында материалдық тұрғыдан келетін қауіпке баруы болып отыр.
Астана қаласының Полиция департаменті алаяқтықтың құрбаны болмас үшін телефон арқылы белгісіз тұлғалардың әртүрлі ұсыныстарына сенбеу­ге, адамдардың және ұйым­ның заңды құжаттарына көз же­кізбей, мемлекеттік ұйым­дардан заңдылығын тексермей жатып, ешқандай ақша және құнды заттарын ұсынбауды ескертеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды