АҚЫСЫ ЕҢБЕГІНЕ САЙ БОЛСА ЕКЕН

0 149

1361872113_betashar

Жуырда «Астана ақшамы» газетінде Алмахан Мұхамедқалиқызының «Қазақтың мәдениеті – той» деген пікірін оқып, ойымды білдірейін дедім.

Қайқазақ болса да, еріккеннен тойөткізбейді. Белгілі бірқуа­нышын атапөтуүшін дайын­дық жасап, қонақтардың тізімін жасайды. Оған кемі 150-200 адам келеді. Мейрамханадағыәр орын 15-20 мың теңге, орта есеппен еттіңөзіне бір тай керек. Қазіргі бағасы 200–250 мың теңге. Оғанқымыз бен шарабын, сусын мен тәтті тәпсердіқосыңыз. Концерттік бағдарламасы тағы бар. Сонда бір тойға шамаменүш миллион теңге кетеді.

Айта кеткен жөн, қазақтарда бәсекелестік деген нашарқасиет бар.

«… бәленше тойын бәлен мейрамханада, атақтыәнші, бишілерді шақырыпөткізді… мен одан кем болмауым керек» деп ойлайды. Кейдеқазақты несие алып, тойөткізеді деп сынаймыз. Ол амалсыздан осықадамға барады. Баласыныңүйлену тойын кім болса да естеқаларлықтай етіп атапөткісі келеді.

Осы мақалада «Асабалардыңқанша табатынында кімніңқанша жұмысы бар?» деген ой айтылған. Бір тойды, әрі кеткенде, бес-алты сағат басқарып, мың доллардықағып алса, неге жұмысымыз болмасқа?! Оныңүстіне талай тойларғақатыстық, ерекше дайын­далған асабаны көргенім жоқ. Бәрі жаттанды, бірін біріқай­талау. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды. Алайда, нағыз асабалар аз. Әншілер мен бишілер де дайын нөмірлеріне 20-30 мың теңге алатын көрінеді. Еңбегі ақысына сәйкес болса, біздің ша­руамыз болмас еді. Бірақ, олай болмай тұрғой.

«Қазақта сахна деген болып па еді?» деген Алмаханның ойымен тағы келісе алмаймын. Ол кездеқазақтың сахнасы кең дала болған. Жәрмеңкеде, үлкен тойларда, әрөңірден жиналған халықтың алдында Ақан сері, Біржан сал, Майра, Қажымұқанөнерлерін көрсеткен, бірақ, ешқандай ақы алмаған. Белгіліәртістердіңқо­сымша табыс тапқанынақарсы емеспін, алайда, аспандатып бағақойып, оны баюдың көзіқылуынақарсымын. Той иесі жағдайынақарай ақысын төлесе, екі жаққа да жарасымды болар еді.

«Өнер – халықтікі» дейміз. Халық ішіндегі таланттарды тауып, соларды шағын тойлардан тәрбиелеп, өсуіне жағдай жасасақ, қазақ мәдениетініңұтары мол. Ел ішінде көзге ілінбейқа­лып жүрген дарын иелері көп-ақ. Соларға мәдениет орындары бас болып, халықтың көмегі менөнерін дамытуға күш салсақ, құба-құп болар еді.

 

Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
ардагер-
ұстаз, Астанақаласы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 11 =