Ақынның анасына сыйлығы

0 92

Елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінде ардақты ақынға қатыс­ты бірегей тарихи жәдігерлер мен құнды құжаттар сақталған. Соның бірі – шай салатын қорап.Мұны мұражайға 2003 жылы 13 маусымда көрнек­ті қайраткердің немере қарындасы Софья Мәжитқызы Сейфуллина тапсырған. Сәкен атамыз 1930 жылы Мәскеуге барғанда, сондағы «Синторг» дүкенінен анасы Жамал Тышқанбайқызына арнап, осы қорапты ішіндегі шайымен бірге сыйлық ретінде сатып алған. Бұл қораптың тарихы туралы, жақында өмірден өткен, асыл азаматтың бауырына басқан қызы Рымжан апай өз естелігінде жазыпты. Жалпы, Рымжан апай ақынды соңғы көрген адам. Ол жайында жұртшылықпен кездесулерінде, жазған естеліктерінде айтып жүрді. Бұл кісі Сәкен атамыздың жоғын жоқтап, артындағы мұрасына бас-көз болып, әке рухына жан-тәнімен еңбек етті.
Біз сөз етіп отырған шай салатын қорап жұқа қаңылтырдан жасалған. Қораптың қақпағында құстар мен табиғат көрінісі айшықты бедерленген. Кейін бұл шай қорапты Әмина Сейфуллина ұстаған. Қазір ол Сәкен музейіндегі ақынның анасына сыйлаған құнды жәдігердің бірі саналады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − six =