«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ақынның алпыс белесі

0 284

Астанадағы Ұлттық әскери-тарихи ­музейде Қазақстан Жазушылар ода­ғының мүшесі, ақын, журналист Есенгелді Сүйіновтің «Қазақстан – бақытымның бастауы» атты мерей­тойлық шығармашылық кеші өтті.

Биыл алпысқа ке­ліп отырған ақынның кеші мағыналы мазмұнға толы болды. Көрнекті қаламгер, Мемлекет­тік сыйлықтың лауреаты Әнес Сарай қалам­дас інісінің шығармашы­лығы туралы сөз қоз­ғап, ақынның жары, халқымыздың белгілі ақын қыздарының бірі, көзі тірі болса ол да алпысқа толатын марқұм Мар­фуға Бектемірованың өлеңдері туралы жылы лебізін білдірді. Мемлекеттік сый­лықтың иегері Несіпбек Айтұлы кеш иесіне Қазақстан Жазушылар одағының құттықтау хаты мен хакім Абайдың мүсінін сыйға тартты. Арқалы ақындар Серік Тұрғынбекұлы мен Ба­қытжан Тобаяқов қалам­гердің еңбекқорлығы жайында ой өрбітті.
Сондай-ақ, мерейтой иесін құттықтаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстан­­бек Мұхамедиұлының ха­ты оқылды. Сонау Көкше жерінен келген Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Берген Жұмекейұлы ақынға жерлестері атынан құрмет білдіріп, иы­ғына шапан жапты. Осындай сыйды елордадағы Байқоңыр ауданы әкімшілігі де көрсетті.
Кеш барысында Қа­ли­бек Қуанышбаев атын­­­дағы Мемлекеттік академия­лық қазақ музыкалық драма театры әртістері ақын­ның жыр­ларын оқыса, қа­лалық мемлекет­тік ака­демиялық фи­­лармониясының жез таңдай әншілері ақын Марфу­ға Бектемірованың өлең­деріне жазылған ән­дерді шырқады. «Сарыарқа» халық музыка ансамблі төгілдіріп күй төкті. Астана циркінің әртістері де қауымға өздерінің тамаша өнерлерін ұсынды. Шара соңында ақын жинал­ғандарға алғысын білдіріп, соңғы жазылған өлеңдерін оқыды.

Азамат ҚҰСАЙЫН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды