Ақынмен аллеяда кездеседі

0 27

Бүгін елордада «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында әдебиет өкілдерімен кездесу өтеді.Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ақын Ерлан Жүніс қатысады. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, ән шырқалады.
«Ашық аспан астындағы кітап­хана» жобасы елордамызда алғаш рет Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бастау алған болатын. Алдағы жаз маусымына арнайы ұйымдастырылған бұл іс-шара әр сенбі сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.
Шара, әдеттегідей, Абай даңғылы мен Ә.Сембинов көшесінің қиылысында орналасқан Қаламгерлер аллеясында өтеді. Басталуы – сағат 11:00.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 − two =