Ақынға арналған мүшәйра

0 168

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Республикалық мүшәйраның Нұр-Сұлтан қалалық кезеңі өткізіледі.

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ҚР ақпарат және қоғамдық даму минис­трлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен республикалық жас ақындар конкурсы өтеді.
«Педагогикалық ғылымдар академиясы» ҚБ ұйымдас­тырған бұл мүшәйраға 16-29 аралығындағы жас ақындар, жазушылар, журналистер және басқа да еліміздің жастары бағын сынай алады. Қатысушылар байқаудың ережесіне сәйкес ұлы ақынның шығармашылығын насихаттайтын екі туындысын жолдауы тиіс. 2 өлең (ақындар үшін) 2 шағын проза (жазушылар үшін). Шығармалар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға қатысу үшін жұмыстарды баспа немесе электронды түрде ұсынып, конкурс ережесіне сәйкес өтінім беруі қажет.
«Педагогикалық ғылымдар академиясы» ҚБ ұсынысымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қалалық ұйымдастырушылар тарапынан ақпараттық насихат жұмыстары жүргізілуде. Ұсынылған мәліметтер негізінде қалалық газетке оқырмандар назарына конкурс жөнінде ақпарат беріліп отыр.
Байқау іріктеу және қорытынды кезеңдерінен тұрады. Әуелі іріктеу кезеңі 14 облыста және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 10 тамыз бен 30 қыркүйек аралағында өтеді. Осы кезеңде жүлделі орынға ие болған 3 жеңімпазға 1-20 қазан аралығында өткізілетін қорытынды кезеңге жолдама беріледі.
Байқау жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастырушылар қазылар алқасын бекітеді. Филологтар, абайтанушы, ақындар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері мен журналистер арасынан іріктеу кезеңінде 3 адамнан, қорытынды кезеңде 5 адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады.
Жас таланттарға зор мүмкіндік беріп отырған байқау­дың жалпы жүлде қоры бір миллион бір жүз мың теңгені құрайды. Жекелей жүлде қоры төменгідей:
– бас жүлде – 500 мың теңге.
– 1 орын – 300 мың теңге.
– 2 орын – 200 мың тг.
– 3 орын – 100 мың тг.
Байқау онлайн жағдайында өткізіліп, қаржы үнемделген жағдайда жүлде қоры ұлғаюы мүмкін екенін ескерте кетеміз!
Республикалық конкурсқа қатысушылар туралы биографиялық мәліметтер арнайы жинақпен бірге дайындалып жарық көреді. Және байқаудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында республикалық қорытынды кезең таспаға толығымен түсірілетін болады. Ал жас дарындардың шығармашылығын бағалауда шығарма идеясы, тілдік сауаттылығы, әдеби тілінің, тақырыпты кеңінен аша білуі мен өзекті мәселерді көтере білуі басты назарға алынады. Конкурстың Нұр-Сұлтан қалалық кезеңін ұйымдастырушылар тарапынан ақпараттандыру жұмыс­тары мен талантты жастарды байқауға тарту жұмыстары жүргізілуде. Қатысуға өтінім берушілер ұйымдастырушыларға 87788789683 байланыс телефоны бойынша тіркеліп, Abai175jil_nursultan@mail.ru электронды почтасына жұмыстарын жолдай алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 2 =