Ақын заманындағы фотоаппарат

0 11

Елордадағы дауылпаз ақын Сәкен атамыздың музейіне барғанда көзіміз ескі фотоаппаратқа түсті.

Фотоаппараттың аты «Фотокар – 1» деп аталады. Ол темірден жасалып, сырты жасанды терімен қапталған. Былғарыдан жасалған ұстағышы, жабатын құлыбы бар.
«Фотокар – 1» камерасымен 9х12 форматында фотоға түсуге болады. Бұл Кеңес одағында алғашқы шығарылған фотоаппараттың бірі саналады. Оны Хасенов Мұқан деген кісі 1930 жылы сатып алып, кейін Алматыда тұратын Сапина Күләш деген апайға берген. Сөйтіп, тарихи жәдігер Сәкен мұражайына жеткен. Оны музей қызметкерлері ақынның отбасына қатысты бар деп айтады. Көрнекті қоғам қайраткері осы фотоаппаратпен суретке түскен де болуы мүмкін. Ол кезде фотоаппараттың басқа түрлері көп кездеспеген. Қарапайым адамдар құжатқа болмаса, сән немесе естелік ретінде көп фотоға түсе де қоймаған.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − fourteen =