Ақын мұрасы мәңгілік

0 41

Ұлттық музейде хакім атамыздың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және рухани мұра» атты заманауи иллюстрация­лық-кітап көрмесі ашылды.

Көрменің мақсаты – ұлы ақынның шығармашылығын халқымыздың рухани қазынасы ретінде насихаттап, жұртшылықты кемеңгер тұлғаның өміріне қатысты жарық көрген тың дүниелермен таныстыруды көздеген.
Іс-шараның ашылуында филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы сөз алып, хакім атамыздың туындыларына кеңінен тоқталып, ондағы айтылған ойлардың мәні мен маңызын ашып көрсетті.
Көрме «Абайдың өмір жолы», «Абай шығармашылығы» және «Абайтану» деп аталған үш бөлімнен құралған. Онда ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты 2000-нан аса кітаппен бірге фото және бейнематериалдар, тарихи құжаттар ұсынылды. Бұл құнды жәдігерлер арқылы жұртшылық ұлы ойшылдың мұрасын жаңа қырынан танып, парасатты ой түйе білді. Айта кетейік, көрмені қала тұрғындары мен қонақтары Ұлттық музейден бір ай бойы тамашалай алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + 10 =