Ақын кітаптары – QR-кодта

0 61

Кеше Ұлттық академиялық кітапханада ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың электронды QR-код кітаптарының таныстырылымы өтті.Шараның мақсаты – қоғам қайраткерінің өнегелі өмір жолын, өр мінезін, асқақ рухын оқырмандарға насихаттау. Өлеңсүйер қауымды ақын мұрасымен таныстыру. Таныстырылым кешіне жиналған кітапхана қызметкерлері мен жастар Фариза Оңғарсынованың жырларын оқып, жиылған оқырмандардың қошеметіне бөленді.
«Кітапханамызда бірнеше жылдан бері «Фариза Оңғарсынова атындағы медиа орталық» жұмыс істеп келеді. Алайда бұл зал бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату үшін ғана жұмыс істейтін. Ақынның кітаптары кітапхананың үлкен қорында сақталған. Сондықтан біз кез келген оқырман осы залға кіріп, ақынның кітаптары мен өлеңдерін қолындағы смартфонынан жылдам оқуы үшін электронды QR-код кітаптарын шығардық. Бұл кітаптардың бір ерекшелігі орын алмайды және барлық адамға қолжетімді» деді ақпарат бөлімінің қызметкері Жарқынбек Жұмаділ.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + seven =